АУМАҚТАРДАҒЫ ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Саяси кеңес Бюросының кезекті отырысы өтті. Жиынға облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Саяси кеңес мүшелері, Кентау қалалық мәслихатының төрағасы, Түркістан, Кентау қалалық, Сайрам, Түлкібас, Төлеби аудандық мәслихаттарындағы фракция жетекшілері, аумақтық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.
Отырысты облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев ашып, Бюро отырысының күн тәртібімен таныстырды. Ол өз сөзінде мәслихат депутаттарының партия Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудағы жауапкершілігіне ерекше тоқталып өтті.
– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мәслихат депутаттарының төсбелгісі оны халық сайлағанын білдіреді және депутат тек халықтың мүддесі үшін қызмет етуі керек», – деген болатын. Біз үшін әр депутаттың уәдесі – партияның абыройы. Сондықтан Сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында атқарылып жатқан нақты жұмыстардың барысын тыңдай отырып, кем-кетігін бірге түзеуіміз қажет, – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Жиында Кентау қалалық мәслихатының төрағасы Қабылан Елеусізов пен Түркістан, Кентау қалалық, Сайрам, Түлкібас және Төлеби аудандық мәслихаттарындағы фракция жетекшілері Құлбатыр Мұсабек, Арман Басаров, Бекжан Әлімжанов, Рамжан Қарақұлов, Ерболат Жабаев Жол картасының орындалуы, бастауыш партия ұйымдарымен бірлесе атқарылған жұмыстар, депутаттық сауалдар мен әлеуметтік желідегі белсенділік бойынша есеп берді.
Кентау қаласында 2025 жылы Сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру бойынша бекітілген 46 тармақтың биылғы кезеңде 8-і орындалғаны мәлім болды. Сонымен қатар, қала тұрғындарынан жыл басынан бері келіп түскен 534 өтініштің 419-ы тұрғын үй мәселесіне қатысты екені айтылды. Мәселенің өзектілігіне байланысты мәслихат депутаттары тарапынан мониторинг жүргізу және жүйелі жоспар жасау ұсынылды.
Түркістан, Кентау қалалық, Сайрам, Түлкібас және Төлеби аудандық мәслихаттарындағы фракция жетекшілерінің баяндамасынан соң Саяси кеңес Бюросының мүшелері Түркістан қалалық фракция отырыстарында Жол картасындағы тармақтардың әлі талқыланбағаны, Сайрам ауданында су, жер, интернет желісінің сапасына қатысты шағымдардың жиі түсетінін айтты. Төлеби ауданында ауыз су мен тұрғын үй проблемаларының шешімін таппай отырғаны, Түлкібас ауданында фракция отырыстарының аз өткізіліп, қоғамдық қабылдауларда депутаттардың белсенділігі төмен болғаны секілді өзекті мәселелер көтерілді.
Түркістан қалалық мәслихатындағы фракция депутаттарының қызметі де жан-жақты сараланды. Соның ішінде қала ауқымындағы өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыру, партия басымдықтарының іске асырылуын саралау, фракция мүшелерінің өзара ықпалдастығы, партияның бақылауына алынған құрылыс нысандарын қадағалау жұмыстары, бастауыш партиясы ұйымдарымен байланыс туралы сөз болды.
Сайрам ауданындық мәслихатындағы партиялық фрракция мүшелернің жұмысын саралау барысында сайлауалды бағдарламаның орындалуына баса мән берілді. Осы бағдарламаның тармақтарына жауапты депутаттардың жеке жауапкершіліктері қаралды. Сондай-ақ, бастауыш партия ұйымдарымен байланыс, партиялық бақылау барысындағы депутаттардың жұмысы зерделенді.
Түлкібас ауданына да қатысты да сайлауалды бағдарламаның орындалуы, бастауыш ұйымдармен ықпалдастық, партиялық бақылау комиссиясымен бірлескен жұмыс, партияның аудандық филиалының материалдық -техникалық базасын нығайту мәселелері айтылды.
Төлеби ауданындағы фракция депутаттарының жұмысын саралау барысында партиялық уәделердің орындалуы, депутаттық корпустың партия мүшелерімен кездесулері, оның ішінде бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізу, құрылыс нысандарын бақылау, әлеуметтік желіде белсенді ұстанымда болу, аудандағы өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдау ахуалы сараланды.
Бюро мүшелері денсаулық сақтау, білім, тұрғын үй, инфрақұрылым, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс сапасы бойынша да бірқатар сын-ескертпелер айтты. Депутаттардың БАҚ пен әлеуметтік желідегі белсенділігіне, қоғаммен байланыс деңгейіне, бастауыш партия ұйымдарымен атқарып жатқан жұмыстарына нақты талдау жасалды.
Отырыс қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев қаулы жобасымен таныстырды.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...