«AMANAT» партиясы 2025 жылды – «Бастауыш партия ұйымдарының жылы» деп жариялағаны белгілі. Партияның қызмет өзегін – оның бастауыш партия ұйымдары құрайды. Партия қанаты астында республикамызда 3 мыңға жуық бастауыш ұйымдар қызмет етеді. Оның 240 ұйымы – Түркістан облысында жұмыс жүргізеді. Кәсіби дайындығы жоғары бастауыш ұйым – мықты партияның тірегі.
«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы Түркістан облысында «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жетілдіру» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг өткізді. Алғашқы лекте Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Төлеби, Түлкібас аудандарынан 35 бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері кәсіби біліктілігін арттырды, партияның стратегиялық бағыттарын меңгерді. Оқу курстарын «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары, Саяси менеджмент академиясының лекторы Жандос Қалтаев жүргізді.
Семинарға қатысушылар саяси көшбасшыларды даярлаудың үздік әдістері мен тәсілдеріне негізделген оқу курстарынан өтті. Олар партия құрылымы, саяси ұйым айқындыған құндылықтар, оның бағдарламалық құжаттары жөнінде түсінік алды. Халықпен тығыз ықпалдастықта жұмыс жүргізу, сайлауашыларды толғандырған өзекті мәселелерді белгілеу, азаматтармен тең дәрежеде диалог жүргізу, сындарлы ұстанымда болу, жергілікті жерлерде партия үнін ілгерілету мәселелері бойынша пайдалы біліктілік қасиеттерін меңгерді. Халықтың түрлі санатына бағдарланған партия ұстанымдары жайлы мағлұмат алды, белсенді қызметімен танылған бастауыш партия ұйымдарының іс-тәжірибелерін зерделеді.
Лектор мен тыңдаушының сенімді арнасы болып түзілген семинарда біліктілік арттырудың озық үрдістері қолданылды. Сабақ жүргізген лектордың шеберлігімен семинар-тренинг топтық көзқарас пен дара тұжырым тоғысқан қызықты талқы алаңына айналды. Екі бойы жалғасқан оқу жиынында түрлі ситуациялық жағдайлар ойнатылып, партия өкілдерінің мақсат-мүддесі ортақ бір ұжым болып бекуінің әдістері байыпталды.
Семинарда бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері партияның мақсат, міндетінен бастап, партия беделі болып қалыптасқан жобалардың негізгі аудиториясы, партиялық бастамалардың өзегі, цифрлық кеңістікте партияны ілгерілетудің жолдары, әлеуметтік желіде белсенді қызметті қамту, коммуникацияның үздік үрдістерін қолдану мәселелері кеңінен қозғалды. Сондай-ақ партияластарымыз гендерлік саясат жөнінде ауқымды түсінік алып, «Әйел Аманаты» жобасы арқылы қыз-келіншектердің партиялық қызметке белсенді тарту мәселелері айтылды. Семинар барысында ең үздік шығып, белсенділік танытқан 3 бастауыш партия ұйымдарының жеткшілеріне «AMANAT» партиясының төсбелгісі табысталды.
Сайрам ауданының орталығы – Ақсукенттегі Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен семинар-тренинг бүгін мәресіне жетті. Жаңа буын партия белсенділеріне сертификаттар табыстау рәсіміне «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысты. Бастауыш партияның ұйымдарының жылы аясында Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде ақпарат берді.
«Жылдың басында Түркістан облысындағы бастауыш партия ұйымдары арасында «Үздік бастауыш партия ұйымы» іріктеу байқауын өткіздік. Осы байқаудың республикалық кезеңіне «Түркістан» және «Жартытөбе» бастауыш ұйымдары қатысты. Соның ішінде «Жартытөбе» бастауыш партия ұйымы республикада екінші орынға ие болды. Биыл барлық бастауыш ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсартуды қолға алып отырмыз. Осыған орай, 240 бастауыш партия ұйымдарын кабинетпен, космпьютермен, кеңсе жиһаздарымен қамтуға басымдық бердік. Бастауыш ұйымдардың көрнекілік құралдарын жаңартып отырмыз. Бұл жұмыстар азаматтардың партияға деген сенімін нығайтты деуге болады. Биылғы жеті айдың қорытындысымен Түркістан облысында партияластарымыздың қатары 85 300 адамнан асты. Сонымен қатар, Түркістандағы Халықаралық әуежайда бастауыш партия ұйымын ашу бойынша бастама көтердік. Алдағы уақытта жаңа бастауыш ұйым өз қызметін бастайтын болады. Партиямыздың Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібектің тапсырмасымен бастауыш ұйымдардың белсенділігін арттыру, олардың кәсіби даярлығын жақсарту бойынша жаңа міндеттер қойылды. Біздің құрылымдардың кәсіби құзыретін жақсартуға үлесін қосып жатқан Саяси менеджмент академиясына, осы дәрістің қтуіне ұйытқы болған «AMANAT» партиясы Орталық аппараты Ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары Жандос Қалтаевқа алғысымызды білдіреміз», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Партия айқындаған міндеттерге сәйкес жемісті жұмыс нәтижелерін көрсеткен бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібектің Алғыс хатымен марапатталды.