«ТҮРКІНІҢ ТӨРІ – ТҮРКІСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы «FARAB» кітапханасының мәжіліс залында «Түркінің төрі – Түркістан» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Түркістан облысы әкімдігінің, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының және «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» қоғамдық ұйымының қолдауымен, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен бастауын алған жыр додасына 12 ақын қатысып, тапқырлық пен терең ойдың майданында елдік пен ерлікті, ақиқат пен адалдықты жыр арқауына айналдырды.

Жас та болса көркемсөздің хас шебері атанған сахна саңлақтары Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарын дәріптеп, Қазақстанның халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығы мен ҚР Мәдениет қайраткері, айтыскер ақын Әбдікерім Манаптың 70 жылдығын өлең жолдарымен өрнектеді.

Түркілердің төрі Түркістанда атой салған ақындардың қатарында Нұрғали Әнапия – Шымкент қаласының, Арай Нұрадин – Ақтөбе облысының, Қабдолла Бейісхан – Солтүстік Қазақстан облысының, Шынарбек Тұрсын – Алматы облысының, Мұхтар Қонарбаев – Астана қаласының, Нұрмұхаммед Байсүгіров – Қарағанды облысының намысын қорғаса, Түркістан облысының жас буын айтыскерлері – Аян Ниязбек, Исламхан Мұхамедхан, Ахметрасул Баянбай, Нұрмахан Жақыпбек, Нұрдаулет Өмірбек, Шахмардан Бекарысұлы өңірдің айтыскерлік мектебінің қалыптасқан дәстүрін паш етті.

Ақындар айтысының ашылуында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева Түркістан қаласына биыл Мемлекет басшысының тарихи Жарлығымен ерекше мертебе берілгенін айтып, тиісті заң қабылданғанын жеткізді.

«- Бұл заң Түркістанның тарихи-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін айқындап берді. Қазақтың қасиетті қарашаңырағының түркілер төрі деп танылуына барлық мүмкіндіктер ашылды. Халқы еңбекқор Түркістан облысында өтіп жатқан бүгінгі айтыста еңбек адамы жыр арқауына айналып отыр. Ақындық өнердің ақтаңгерлері Әселхан Қалыбекова мен Әбдікерім Манаптың мерейлі жылдарына арналған бұл айтыс жас дарындарды елге танытатын алаңға айналып отырғаны қуантады. Сонау ғасырлар қойнауынан жеткен бұл өнердің бүгінде өз құндылығын жойтқан жоқ екенін көрсетеді. Айтыстың жаңа ізбасарларының шығуы – осы мұраның тамыры тереңдеп, жаңғырып келе жатқанын көрсетеді. Ел жүгін арқалаған «AMANAT» партиясы бірнеше жылдан бері түрлі деңгейдегі ақындар айтыстарының ұйымдастырылып, өткізілуіне мұрындық болып жүр. Рухани мұрамызға сұраныс барда, қазақ мәдениеті ешқашан сөнбейді. Аламан айтысқа шығып, сөз маржанын терген әрбір ақынды Түркістанның қасиеті қолдасын, бабаларымыздың рухы жебесін!», — деді Қалыйма Жантөреқызы.

Ақындарға деген елдің ыстық ықыласын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білдірді. «- Халқымыздың мәдениетін танытуда айтыс өнерінің орны маңызды. Айтыс – бұл қазақ халқының басты мәдени мұраларының бірі, руханиятымыздың алтын қазығы. Бабаларымыздан қалған асыл мұраны жаңғыртуда Түркістан өңірі іргелі қадамдар жасап келеді. Биыл облыс айтыскер ақындары басты командалық додада жеңімпаз атанды. Біздің жерлесіміз Дәурен Ақсақалов жуырда өткен республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге ие болып, «Алтын домбыра» кезеңіне жолдама алып келді. Біз тек қана айтыс өнерін емес, терме, күй өнерін де жаңғыртуға күш салып келеміз. Ұлттың руханиятын түгендейтін осы сынды жобаларға үнемі қолдау көрсетіп жүрген депутаттық корпус өкілдеріне облыс жұртшылығы атынан алғыс айтамыз!» — деді облыс әкімінің орынбасары.

Шара барысында таяуда ғана Ақтау қаласында өткен республикалық командалық айтыстың финалында жеңімпаз атанған Түркістан облысының жүйріктері марапатталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Алмас Салимов ақындарға облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан алғыс хат пен демеушілердің қолдауымен қаржылай сый табысталды.

Айта кетуіміз керек, өткен жылы бастау алған жобаға еліміздің үш мегаполисі мен 17 облысынан жалпы 20 команда қатысқан болатын. «Маңғыстау – түркі мәдениетінің төрі» атты өнер мерекесінің ақтық кезеңінде Түркістан және Қарағанды облысының айтыскер ақындары мен күйші, жыршы-термешілерінен құралған құрамасы бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен Түркістан облысының жүйріктері жүлделі І орын мен алтын домбыраға ие болды.

«Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысын «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» қоғамдық ұйымының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Тұрар Тілеулиев жүргізді. Ақындар өнерін елімізге белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков бастаған қазылар алқасы бағалады. Жас өрендердің сөз саптауына, берілген тақырып бойынша ой орамдарына қазылар алқасының мүшелері, айтыскер ақындар Оразымбет Бөрібай, Өміржан Көпбосын, айтыс сарапшысы Бекмұрат Анарбаев, тең сарапшылар Қажымұқан Абзалов пен Дәурен Ақсақалов баға берді.

Жеребе бойынша ақындар келесідей болып жұпталып, өнер көрсетті: Аян Ниязбек (Түркістан облысы) – Қабдолла Бейісхан (Солтүстік Қазақстан облысы); Ахметрасул Баянбай (Түркістан облысы) – Арай Нұрадин (Ақтөбе облысы); Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы) – Шахмардан Бекарысұлы (Түркістан облысы); Шынарбек Тұрсын (Алматы облысы) – Нұрдаулет Өмірбек (Түркістан облысы); Мұхтар Қонарбаев (Астана қаласы) – Нұрмахан Жақыпбек (Түркістан облысы);

Нұрмұхаммед Байсүгіров (Қарағанды облысы) – Исламхан Мұхамедхан (Түркістан облысы).

Жыр додасында жас ақындар өздерінің жаңа дәуірдің серпінді күші екенін көрсетіп, қазақ руханиятына қосар үлесі зор екенін білдірді. Жас ақындар айтыс өнеріне жаңа көзқарас, тың леп әкеп жатыр. Олар өз кезеңінің жыршысы ретінде қоғамдағы өзекті мәселелерді заманауи көзқараспен қозғайтынын көрсетті. Ұлтымыздың рухани қазынасы саналатын тіл мен діл, салт пен сана жайында батыл әрі шыншыл айта біледі. Ұлттық рухты жастар тілімен жырлап, тыңдарман жүрегіне жақын бола алатынын байқатты. Айтыстың отын өшірмейтін, көшін алға сүйрейтін буын өсіп жатқаны айтыс майталмандарын ғана емес, осы өнерді сүйіп тыңдайтын көрермендерді де қуантты.

«Түркінің төрі – Түркістан» республикалық жас ақындар айтысына 16 жас пен 35 жас аралығындағы, есімдері республикаға танылып жатқан, үлкен аламан айтыстарда ат оздырып жүрген 12 жүйрік өнер көрсетті. Олардың өнерін Алаш айтысының арыстаны, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков бастаған қазылар алқасы сараптап, кіл жүйріктерін анықтады. Айтыс додасына түскен барлық жүйріктер жас ақындар арасында өтетін дәстүрлі «Күміс домбыра» айтысының жүлдегерлері. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстары мен Шымкент, Астана қаласынан келген айтыскерлер, жергілікті Түркістан облысының жыр сүлейлерімен кездесіп, ой тереңдігі мен сөз мәйегі жөнінен сайысқа түсті», — деді «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» қоғамдық ұйымының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Тұрар Тілеулиев.

Қазылар алқасының шешімімен Ахметрасул Баянбай бас жүлде иегері атанды. Жүлделі I орын Мұхтар Қонарбаевқа, жүлделі ІІ орын Аян Ниязбек пен Арай Нұрадинге, жүлделі III орын Нұрмұхамед Байсүгіров пен Нұрмахан Жақыпбекке бұйырды. Сонымен қатар Әбдікерім Манап атындағы арнайы жүлде — Қабдолла Бейісханға, Қаныбек Сарыбаев атындағы арнайы жүлде — Исламхан Мұхаметханға, Жарқынбек Наушабеков атындағы арнайы жүлде — Нұрдәулет Өмірбекке, Әселхан Қалыбекова атындағы арнайы жүлде — Нұрғали Әнәпияға, Тәушен Абуова атындағы арнайы жүлде — Шынарбек Тұрсынға, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі — Шахмардан Бекасылұлына табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...