«Дәрігер Talks»: AMANAT партиясы еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәрігерлердің басын қосты

«AMANAT» партиясы денсаулық сақтау саласының бүгіні мен келешегі туралы ашық әңгімелесу мақсатында еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам дәрігердің, медбикелердің, ғалымдардың, медициналық ұйымдар басшыларының және сарапшылардың басын қосты. «Дәрігер Talks» партиялық диалог алаңының II отырысына қатысушылар отандық медицинада орын алған жүйелі мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын ұсынды және өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов іс-шараға қатысушыларды өткен Медицина қызметкері күнімен құттықтады. Ол дәрігерлердің ел өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселесі әркез Мемлекет басшысының назарында екенін жеткізді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайық. Бүгінде отандық медицина жарқын нәтиже көрсетуде. Біздің дәрігерлеріміз санаулы мемлекетте ғана қол жетімді ең күрделі трансплантациялық оталар жасайды. «AMANAT» партиясымен бірге алға қойған арман-мақсаттарыңызға жетіп, азаматтарымыздың денсаулығы мен тұрмысын жақсарту жолында қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Бұл – біз үшін аса маңызды», – деді ол.

Президент тапсырмасы бойынша дәрігерлерді кәсіби сақтандыру жүйесі енгізілді: бұдан былай дәрігердің қателігінен орын алған шығындар мамандардың жеке қаражатынан емес, бюджет есебінен жабылады.

Сондай-ақ іс-шара барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сөз сөйледі. Ал «Дәрігер Talks» партиялық диалог алаңына қатысушылар өздерінің жеке қалыптасу тарихымен бөлісіп, әріптестерімен бірге кәсіби сын-тегеуріндерді талқылады.

Мәселен, Қызылорда қаласындағы Көп бейінді облыстық аурухананың  №1 терапия бөлімшесінің меңгерушісі, эндокринолог Елена Цхай болмашы гормоналдық ақаулардың өзі күрделі мәселе туындатуы мүмкін екенін, сондықтан тәуекелді уақтылы анықтап, ем қабылдай бастау аса маңызды екенін айтты.

Қазақстан медициналық туризм қауымдастығының президенті Кристина Кривецтің айтуынша, Қазақстанда медициналық қызмет құны дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай арзан, алайда емдеу сапасы әлемдік стандарттарға сай келеді. Бұл – елімізге келетін шетелдік медициналық туристер үшін аса тартымды. Жыл сайын әлемдегі 45 мемлекеттің 10 мыңнан астам азаматы ем қабылдау үшін Қазақстанға арнайы ат басын бұрады.

Жетісу облысы Ақсу ауданының жедел жәрдем фельдшері Саят Мырзаханов дәрігердің табандылығы мен тапқырлығы қаншалықты маңызды екенін атап өтті. Мәселен, жаңбыр жолды шайып, көлікпен жүру мүмкін болмай қалған кезде, Саяттың атқа мінуіне тура келген еді. Осылайша, ол науқасқа уақтылы жетті. Ақтөбедегі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің радиология кафедрасының меңгерушісі Ерболат Ізтілеуов адам папилломавирусына қарсы екпеге немқұрайды қараудың қайғылы салдарына назар аударды. Семейдегі перинаталдық орталықтың неонаталдық блогының басшысы Гүлжазира Дүйсекенова жүктіліктің 25-ші аптасында дүниеге келген салмағы небәрі 470 граммды құрайтын қызды дәрігерлер қалай аман алып қалғанын айтты. Дәрігерлер 117 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті.

Петропавл қаласындағы Көпсалалы облыстық балалар ауруханасының консультативтік-диагностикалық орталығының меңгерушісі Арлан Балтабеков аппараттық телемедицинаны қолдану барысындағы жетістіктермен бөлісті. Осы арқылы шалғай ауылдардың тұрғындары облыс орталығына қатынамай-ақ тар бейінді медициналық көмекке қол жеткізуде. «Esen Foundation» қорының денсаулық сақтау саласына қатысты жобаларының жетекшісі Лейла Ишбаева Ақмола облысы Целиноград ауданында «Baquatty audan» пилоттық жобасын жүзеге асырудың аралық қорытындысын ұсынды. Осылайша, менторлық жүйені енгізу арқылы ауылдағы 300 маманның Астанадағы әріптестерімен тікелей кеңесу мүмкіндігі пайда болды. Бұл қадам сапалы әлі жедел шешім қабылдау деңгейін арттыруда.

Орталық клиникалық ауруханадағы нейрохирургия орталығының жетекшісі Мыңжылқы Бердіқожаев пен Алматыдан келген нейрохирург-дәрігер Марат Саршаев қазақстандық дәрігерлер француз әріптестерін оқытып жатқанын мәлімдеді.

Отырыс модераторы – белгілі тележүргізуші Ирина Тен.

Кездесу соңында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов және Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кәсіби қызметі барысында елге сіңірген еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкерін марапаттады.

Суретті түсірген: Әли Ғалым

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...