Ескі үйде тұрған 200-ден астам алматылық жыл басынан бері жаңа пәтердің кілтін алды

2025 жылдың 1 жартыжылдығында Алматыда 220 ескі тұрғын үй иесі жаңа жайлы пәтерге көшті. Қоныс аудару жұмыстарын Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы» ӘКК еншілес ұйымы «Қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС және инвесторлар «Алматы қаласының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы — 2030» аясында жүзеге асырып отыр.

Алматылықтар жаңа баспананы «бөлме орнына бөлме» қағидаты бойынша немесе бұрынғы тұрғын үйінің нарықтық құнына сәйкес өтемақы алу арқылы иеленді. Жаңарту бағдарламасы аясында барлық пәтер таза әрлеумен беріледі. Онда интернет жүргізіліп, өртке қарсы дабыл жүйесі, сантехника, фаянс, газ немесе электр плитасы орнатылған.

Аталған кезеңде ең көп тұрғын Түрксіб ауданында – 99 адам, Алмалы ауданында – 57, Жетісу ауданында – 32, Әуезов ауданында – 20, Бостандық ауданында – 7, Алатау ауданында – 3 және Медеу ауданында – 2 адам жаңа пәтерге қоныстанды.

Бағдарламаға сәйкес, көшіру және ғимараттарды сүру жұмыстары барлық меншік иелерінің келісімімен ғана жүргізіледі. Ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін бірінші қабаттағы немесе жеделсаты, пандус және кедергісіз қолжетімділігі бар үйлерден пәтер қарастырылған. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әсіресе каркас-қамысты үйлер мен тектоникалық жарық аймағында орналасқан ғимараттарды сүруге ерекше көңіл бөлінеді.

Берілген баспанаға көшуден бас тартқан жағдайда тұрғындар ескі үйде тұра береді, бірақ ықтимал қауіп-қатерге өзі жауапты болады.

Биыл жыл соңына дейін «Қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны» мен инвесторлардың күшімен тағы 600-ден астам адамды жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Жаңарту бағдарламасы кешенді тәсілге негізделген. Тұрғын үй ғана емес, сонымен бірге қала тұрғындарының өмір салты өзгереді: жайлы орта қалыптасып, жаңа қоғамдық кеңістіктер, жұмыс орындары мен қызметтер пайда болады. Сонымен қатар, Алматының сәулеттік келбеті жаңарады. 2030 жылға дейін қаладағы ескі үйлердің санын 1 366-дан 690-ға дейін азайтып, шамамен 7 500 меншік иесін заманауи пәтерге көшіру жоспарланып отыр», — деді «Қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Ринат Құрманов.

«Алматының тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы – 2030» қалалық әкімдік тарапынан әзірленіп, 2024 жылдың қараша айында мәслихат бекіткен. Бағдарламаның әкімшісі «Алматы» ӘКК» АҚ, ал уәкілетті ұйым Алматы қаласы әкімдігінің «Қалалық күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз