ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСТАРЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Сайлауалды бағдарламаның Жол картасы аясында өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысын жіті бақылауда ұстап келеді. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарына қатысты жобалардың сапалы әрі мерзімінде аяқталуы – партияның басты назарында. Осы мақсатта партия өкілдері Ордабасы ауданындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Партиялық бақылау инспекторы Асқар Еркінбеков, Ордабасы аудандық филиал төрағасы Әлиасқар Бердімұрат, аудандық партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асан Құрымбек, аудандық мәслихат депутаттары Талғат Жанысбаев, Есенғали Бөлебай, Нұрзат Ортай және аудан әкімдігінің сала мамандары қатысқан бақылау тобы бір күн ішінде бірнеше мектеп құрылысына мониторинг жүргізді.
Олардың қатарында болған Шұбарсу ауылындағы 600 орындық мектеп ауданда салынып жатқан ең ірі нысандардың бірі. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың желтоқсан айында басталып, 2025 жылға өтпелі болып белгіленген. Жобаның жалпы құны – 2,7 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға 200,8 млн теңге қаржы қарастырылған. Қазіргі таңда қосымша корпус құрылысы жүргізілуде. Мердігер – «Дос и К» ЖШС. Комиссия мүшелері құрылыс сапасын арттыру мен жұмыс кестесін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Ал, Төрткүл ауылдық округі, Елшібек батыр ауылындағы 200 орындық мектептің құрылысы 2024 жылы басталған. Жобаны Түркістан облыстық құрылыс басқармасы жүзеге асыруда. Мердігер – «КДСМ» ЖШС. Қазіргі таңда ішкі әрлеу, кафель төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Партиялық бақылау тобы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен сапасын оң бағалап, оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтауға шақырды.
Бадам ауылдық округіне қарасты Ақбұлақ ауылында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орындық жаңа мектеп бой көтеруде. Тапсырыс берушісі – Samruk-Kazyna Construction, ал мердігер – «AR KUA GROUP» ЖШС. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу, сыртқы фасад және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылға жоспарланған.
Бөржар ауылдық округі, Ынтымақ ауылы 200 орындық білім ұясының құрылысын да «КДСМ» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта ғимараттың қабырғаларын қалау жұмыстары атқарылып жатыр. Нысан 2025 жылға өтпелі жоба ретінде белгіленген.
Партиялық бақылау тобы барлық мектеп нысандарында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер нақты әрі сапалы орындалуы керек екенін атап өтіп, жергілікті билік пен мердігерлерге нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, әр нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылып, құрылыс процесі тұрақты түрде қадағаланатын болады.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз