Түркістан облысында мемлекеттік қолдау аясында сауда инфрақұрылымын дамытуға 3,4 млрд теңге тартылды

Мемлекеттік қолдау аясында Түркістан облысында сауда инфрақұрылым жаңарту және салу жұмысына 3,4 млрд теңге тартылды. Өңір кәсіпкерлері жыл басынан ҚР Сауда және интеграция министрлігі тарапынан «Даму» қоры арқылы берілетін мемлекеттік қолдау тетігін пайдаланып, 50 сауда нысанын жаңғырту, салу және қажетті құрал жабдықтар алу, айналым қаражатын толықтыру үшін екінші деңгейлі банктерден несие алған. Мемлекеттік қолдау бағдарламасына сай осы мақсатта алынған несиенің пайыздық мөлшерлемесінің 10,75 пайызын ҚР Сауда және интеграция министрлігі субсидиялайды.

Жетісайлық кәсіпкер Ануарбек Балғабаев заманауи сауда форматына сай базар құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік қолдау алған.

«Бұл базардың құрылысын 2023 жылдың соңында бастадым. Құрылыстың соңғы детальдары әлі де жүріп жатыр. Базарда 700 заманауи сауда орны бар. Құрылысқа алғашында өз қаражатымды салдым. Кейін Үкіметтен «Даму» арқылы көмек болды. Бағдарлама бізге ұнады» деді кәсіпкер.

3,42 гектар аумаққа салынған Grand Park Zhetisay базары Сауда министрлігінің базар құрылысына қойған талаптарына сай салынған сауда инфрақұрылымының бірі. Мұнда сауда орындары арнайы желдеткішпен, автотұрақ пен өрт қауіпсіздік талаптарына сай датчиктер, гидранттармен толық жабдықталған.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2029 жылға қарай заманауи сауда форматының үлесін 70 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін елдегі сауда базарларын жаңғырту жұмысы аяқталуы қажет. Биыл Қазақстанда 100 сауда базары жаңғыртудан өтеді. Оның ішінде 8 базар Түркістан облысында орналасқан. Өңірдегі базарларды жаңғырту жұмысының алдын-ала нәстижесін көру үшін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев облыс базарларын аралады.

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аумағына өрт сөндіру автокөліктері мен тұтынушылардың көліктері оңай кіріп-шығуы үшін базар қақпасы автоматтандырылған жүйеге қосылды, сондай-ақ базардағы саудагерлерге арналған жабық автотұрақ салынды. «Жауғашты» базары әкімшілігі базар аумағында қойма құрылысын аяқтап, қолданысқа берді. «Яссы» базарында жаңғырту жұмыстары 80%-ға аяқталған. Қазіргі таңда өрт кезінде дабылын датчиктерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Дәл осындай жұмыс «Алтын бұлақ» базарында да жалғасуда.

Ал Сарыағаш ауданындағы «Дәулет» базары жаңғырту жұмысының екінші кезеңін жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Қазіргі таңда қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қазығұрт ауданындағы «Ешанқұл-ата» базырнда жаңғырту жұмыстары 80%-ға аяқталған. Өрт қауіпсіздік талаптары бойынша жұмыс жүріп жатыр.

«Базарларды жаңғырту бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Сауда министрлігі қажетті заңнаманы жасақтады, мемлекеттік қолдау тетігін іске қосты. Сондықтан кәсіпкерлер жыл соңына дейін жаңғырту жұмыстарын аяқтауы керек. Бұл жұмыс тұтынушы мен сатушының қауіпсіздігі ғана емес. Бұл салықтық түсімдердің ашықтығы мен жасырын экономика үлесін азайтудың жолы» деді Ернұр Жәутікбаев.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз