ТҮРКІСТАН: ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев оқу жылының аяқталуына байланысты мәжіліс өткізді. Жиынға білім, денсаулық сақтау, дін істері басқармаларының басшылары, құқық қорғау органдары және төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері, Жастар ресурстық орталығының басшылығы, барлық аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде оқу жылының аяқталуы, Соңғы қоңырау шараларын үйлестіру, ҰБТ өткізу, балалардың жазғы сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтуын ұйымдастыру, қауіпсіздікті күшейту мәселелері қаралды. Облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейсов баяндама жасап, жоспарлармен таныстырды. Айтуынша, биыл 33 мыңнан астам оқушы 11-сыныпты бітіреді. Соңғы қоңырау іс-шараларын 23 мамыр күні өткізу жоспарланып отыр. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 16 мамыр — 10 шілде аралығында 27 мыңнан астам түлек қатысады. Дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы мешіттердегі діни сауат ашу курстарына қатысу тек ата-ананың рұқсатымен ғана жүзеге асатынын ескертті. Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бегімхан Ахметов қауіпсіздік шаралары туралы сөз қозғады.

— Оқу жылын сәтті аяқтау жұмыстарына жауапкершілікпен кірісіңіздер. Бей-жай қарау — балаларымыздың тағдырына қауіп төндірумен тең. Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының арнайы тапсырмасы бар. Салғырттық танытқан тұлғалар жұмыстан шеттетіледі. Сондықтан тиісті деңгейде орындаңыздар. Мәселе болса бірлесіп шешу қажет. Әуелі ҰБТ мен соңғы қоңырауды өткізу міндеті тұр. Тестілеуге қатыспайтын 6500-дей оқушыға «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждерге грантқа қабылдау бойынша профориентациялық жұмыстары атқарылуда. Оған «Серпін» бағдарламасын да қосыңыздар. Психологиялық қолдау көрсетуді қолға алыңыздар. Балалардың жазда маусымдық сауықтыру шараларына мән беріңіздер. Дайындықты пысықтаңыздар. Одан кейін суға кетудің алдын алу үшін шомылу аймақтарындағы рұқсаты жоқ нүктелерді белгілеп, халықты құлағдар ету керек. ТЖД қызметкерлерімен бақылап, хабарлап отыру өте маңызды. Мемлекет пен ата-анаға ортақ істе жанашырлық танытыңыздар, — деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Облыс әкімінің орынбасары мәжілістен соң Түркістан қаласы аумағындағы «Балауса» лагеріне барып, нысанды аралап көрді. Бұл демалыс аймағы ағымдағы жөндеуден өтуде. Сондай-ақ модуль қойылып, құрылысы қарқын алған.

Жалпы жаз мезгілінде өңір көлемінде өңірде 31 сауықтыру лагері қызмет көрсетеді. Оның 10-ы мемлекеттік болса, 21-і жекеменшік. 1-10 сыныпта білім алатын 439 мыңнан астам оқушы арнайы демалыс аймақтарында тынығады. Көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балалары, мектепішілік және полиция есебінде тұрған оқушылар, олимпиада жүлдегерлеріне басымдық беріледі.

Осы жылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылады. Модульдер 2 асхана, 4 әжетхана мен жуынатын бөлмелермен қамтылады. Нәтижесінде 7500-ден астам қосымша орын ашуға жағдайлар жасалуда. 23 мыңнан аса оқушы аталған модульдік лагерьлерде демалады. Бұдан бөлек, 5 мемлекеттік лагерьде ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз