АУЫЛ ӘКІМІ БОЛУ – МҮМКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бүгін Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайының мәжіліс залында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен ауылдық округ әкімдерінің аймақтық форумы жұмысын бастады. Форум жұмысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Асхат Аймағанбетов, Темір Қырықбаев, Нұрсұлтан Байтілесов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, мәслихат депутаттары, облыстық департаменттер мен басқарма басшылары, ауылдық округ әкімдері, облыстық партия филиалының жауапты өкілдері мен аумақтық партия филиалдарының жетекшілері қатысты. Форум жұмысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев төрағалық етті.

Форум алаңы ауылдық деңгейдегі басқару жүйесін жетілдіруді, әкімдердің кәсіби әлеуетін арттыруды, сондай-ақ, нақты проблемаларды шешу жолдарын бірлесе қарастыруды көздеді. Ауыл халқының ең жақын тірегі, жергілікті мәселелердің шешімін табатын негізгі лауазым иесі – бұл ауыл әкімі екені байыпталып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау міндеттерінің орындалуы, ең алдымен әкімдердің іскерлік қарым-қабілетіне тікелей байланысты болып табылатынына назар аударылды.

«- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Халықпен тиімді кері байланыс орнату – жергілікті басқарудың басты қағидаты болуы керек», – деп атап өткен болатын. Сондықтан, сіздердің жұмыстарыңыз – тек әкімшілік емес, қоғаммен тікелей жұмыс істеу, халықтың үніне құлақ асу, сенімді ақтау жолындағы күнделікті еңбек. Ауыл – ел тірегі ғана емес, болашақтың бастауы. Ауыл көтерілсе – ел еңсесін тіктейді. Әр ауылдың дамуы – елдің өркендеуіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да, әрбір әкім, өз ауылын шағын орталық ретінде дамытуды мақсат тұтуы тиіс. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, шынайы жанашырлықтарыңыз арқылы ауылдарымыз өзгереді, жаңарады, жаңғырады», — деді Алтынсары Үмбетәлиев форум жұмысын бастауға арналған алғысөзінде.

Атап өтуіміз керек, «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тірегі ретінде, Жаңа Қазақстанның саяси жүйесін жаңартуға, елдің тұтастығын бекемдейтін саяси үрдістердің барынша ашық болуына үлесін қосуда. Парламент Мәжілісінің спикері, партия Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов ауыл әкімдерінің сайлауы, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауға бағытталғанын ерекше айтқан болатын. Бұл тұрғыда, Қазақстан халқының 40 пайыздан астамы, ауыл тұрғындары болып табылатыны ескеріліп, азаматтардың ел басқару және шешім қабылдау процесстеріне қатысуына жол ашылды. Тұрғындарының басым көпшілігі ауылдарда тұратын Түркістан облысында 2021 жылдан бері 226 мәрте ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, соның 214-де «AMANAT» партиясының кандидаттары жеңіске жеткен.

Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымында 181 ауылдық округі болса, партиямыз бастамашыл болған бүгінгі форумға 137 ауылдық округтің әкімі қатысып, мемлекеттік биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі болып табылатын ауыл әкімдерінің рөлі мен жауапкершілігі мәселесі жан-жақты қаралды. Форум жұмысына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бүгінгі жиын ел болашағына қызмет ететін ауыл әкімдерінің кәсіби және қоғамдық рөлін арттыруға арналған маңызды саяси-әлеуметтік диалог алаңы болып отырғанын жеткізді. Осы іс-шараның бастамашысы болып отырған “АМАNАТ” партиясының Түркістан облыстық филиалына облыс басшылығының атынан зор алғысын білдірді.

«2021 жылғы 25 шілдеден бүгінгі күнге дейін облыс аумағындағы 181 аудандық бағыныстағы қала, кент, ауылдық округ, ауыл әкімі лауазымдарына 226 әкімдердің тікелей сайлауы өтті. Сайланған әкімдердің 61,5 пайызы ауылдық округ әкімі лауазымына алғаш рет сайланғандар, 38,5 пайызы – қайта сайланған лауазым иелері. Бұл – елдің жергілікті басқаруға қатысуының нақты көрінісі. Ауыл әкімдері енді тек тағайындалатын емес, халықтың сенім мандатын алған жауапты тұлға ретінде әрекет етуі тиіс. 2023 жылдан бастап ауыл әкімдіктеріне дербес бюджеттік өкілеттік берілді. Бұл – тек құқық емес, үлкен жауапкершілік. Бюджет жоспарлау, қаржы игеру, жобаларды іске асыру – барлығы ауыл әкімінің біліктілігіне байланысты», — деп атап өткен облыс әкімінің орынбасары, бұл жұмыстар үш негізгі бағытта: халықпен тығыз байланыс, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, жастар саясаты және әлеуметтік қолдау салалары бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...