ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы 2025 жылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы басымдықтарын белгіледі. Қол жеткізген негізгі жұмыс көрсеткіштері бүгін партияның облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің төрағалығымен өткен аппараттың кеңейтілген отырысында баяндалды. Жиынға облыстық партия филиалының қызметкерлері мен аумақтық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.

«- Алғашқы жартыжылдықты ойдағыдай қорытындылап отырмыз. Жоспарлы көрсеткіштеріміз орындалып, бірқатар маңызды іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болдық. Облыс тұрғындарының партияға деген сенімі нығайып келеді, қатарымыз 2198 жаңа мүшелермен толығып, жақтастарымыздың жалпы саны 85 356 адамды құрады. Алғашқы жартыжылдықта 8 971 азаматтың сұраныстарын тыңдап, партия ықпалымен оның 62 пайызы оң шешілді, 38 пайызына заң аясындағы кеңестер берілді. Партия беделі болып қалыптасқан «Жер аманаты» жобасы бойынша 49,7 мың гектар жер қайтарылып, жылдық жоспар 121 пайызға орындалды. «Қарызсыз қоғам» бойынша 8 102 адам оқытылды. «Ауыл аманаты» бойынша 2023 жылы берілген несиелердің қайта қайтарылуы 2,5 млрд. теңгені құрап, оның 2,3 млрд. теңгесіне 316 жоба қаржыландырылды. Жол картамыз бүгінгі күні 48 пайызға орындалып, сайлау алдында берген уәделеріміздің толық іске асырылуын қалыпты үйлестіріп келеміз», — деген Алтынсары Дүйсенбекұлы, партиялық қызметті қоғам сұранысына сай атқаруда, фракция депутаттарының аумақтық партия филиалдарымен, бастауыш партия ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде әлі де атқарылуы тиіс мәселелер бар екеніне назар аударды.

Жиын барысында облыста өткен ауыл округі әкімдерінің сайлау қорытындылары сөз болды. Биыл өткізілген 38 ауыл әкімінің сайлауында 37 үміткердің жеңіске жетуі – партияластардың ұйымшылдығы мен сенім деңгейін көрсетеді деген Алтынсары Дүйсенбекұлы, сайлау процесінің әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, жартыжылдық қорытынды бойынша облыстағы партия жұмысының оң динамикада болғанын атап өтті.

Облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева өз хабарламасында Жол картасы тармақтарының орындалуына тоқталды. Аудандар кесіндісінде әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылыстарын баяндап, жаңа оқу жылына дейін тапсырылуы керек мектептер мәселесін айтты. Ауыз су, газ жүйелерінің құрылыстары, денсаулық сақтау саласы бойынша көрсеткіштер, мәдениет пен бұқаралық спортты дамыту бағыттарында жоспарланған жобалар туралы мағлұмат берді. Жол картасы тармақтарына жауапты депутаттар жөнінде мағлұмат беріп, партияның сенім мандатына ие азаматтардың белсенділігін арттыруда аумақтық партия филиалдары батыл қимылдар жүргізуі тиіс екеніне тоқталды.

Мәжіліс аясында рейтингтік көрсеткіштер бойынша баяндама жасаған партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев да әр бөлімнің жұмысын саралап, нәтижелерге жан-жақты тоқталды. Аумақтық партия филиалдарының жұмыс көрсеткіштерін тізбектеді.

Жиын барысында облыстық партия филиалының төрағасы Сарыағаш, Жетісай, Сайрам аудандарында өткен Саяси кеңес бюросына қатысқанын, осы жиындардың қорытындысымен аумақтық партия филиалдарының депутаттық корпуспен байланысын арттыруда әлі де өзекті мәселелер бар екенін жеткізді. Партия филиалдары депутаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу, бастауыш партия ұйымдарында есеп беруін үйлестіру, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, партиялық жобаларға қатысуын ұйымдастыруда нақты талап қойылғанын атап өтті. Осы бағыттар бойынша жұмыс көрсеткіштері төмен партия депутаттарын Саяси кеңес бюросында тұрақты қарап, қорытынды шығаруды тапсырды. Жол картасы тармақтарының орындалуы бойынша Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сауран, Созақ, Төлеби аудандық партия филиалдары әкімдердің есептерін тыңдауды жүргізбегеніне байланысты ескерту жасады.

Рейтингтік көрсеткіште жақсы жұмыс атқарған Сауран, Арыс, Сарыағаш, Келес, Түркістан аумақтық партия филиалдары үздік бестіктің қатарын түйіндеді. Кейбір көрсеткіштер бойынша кемшіліктер жібергені байқалған Кентау, Отырар, Төлеби, Мақтаарал және Созақ аумақтық партия филиалдарының қызметі егжей-тегжейлі талданды.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...