ДЕПУТАТ БЕДЕЛІН БЕЛСЕНДІЛІГІ БЕКЕМДЕЙДІ

Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев партияның аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының мәжілісіне қатысып, партия айқындаған міндеттер шеңберінде аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдады. Партия алаңында өткен жұмыс жиынына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары, Бюро мүшелері, партияның жауапты қызметкерлері қатысты.

Партияның Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Шермат Ибрагимов жүргізген жиында, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы және бастауыш партия ұйымдарымен тығыз ықпалдастық байланыста жұмыс жүргізу мәселелері бойынша аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Бақыт Мирзалиевтің, Ертай Тешебаевтың, Өміржан Садықовтың есептері тыңдалды.

Жиын барысында сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысының қоғамдық тірегіне айналған «AMANAT» партиясы, азаматтарды ортақ мақсатқа біріктіріп, барлық ізгі істердің ұйытқысына айналып отырғанын жеткізді. Партияның әлеуеті тұрғындардың түйткілді мәселелерін шешуге, байыпты шешімдер ұсынуға, азаматтарды алаңдатқан ең көкейкесті мәселелердің шешімдерін табуға ұйысқанын атап өтті.

Бюро мәжілісінде есеп берген аудандық мәслихат депутаты Бақыт Мирзалиев аудандық партия филиалында өткізген қоғамдық қабылдауларының нәтижесін баяндады. Фракция мүшесі 52 азаматтың арыз-өтініштерін тыңдап, олардың шешім табуына үлес қосқан. Аудандық орталық аурухананың басшысы ретінде аудан көлемінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының іске асырылуына қоғамдық бақылау жүргізгенін мәлімдеді. Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өтіп, ұйымның жабдықталу деңгейі біршама жақсарғанын айтты.

Фракция мүшесі Өміржан Садықов азаматтардың сұранысы және күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша 2024 жылы 19 депутаттық сауал жолдаса, биылғы бірінші жартыжылдықта 7 сауал жолдағанын мәлімдеді. Соның ішінде №3 балалар мен жасөспірімдер мектебін күрделі жөндеуден өткізу, мемлекеттік шекара аумағындағы өткізу-бақылау бекеттері маңында валюта айырбастау пункттерінің жұмысын жүйелеу, жер асты скважинасына қатысты мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдау сұраныстары қолдау тапқанын атап өтті.

Аудандық мәслихат депутаты Ертай Тешебаев өз хабарламасында тұрғындарды ауыз сумен қамту, елді мекендердегі жол құрылыстары, мектептердің салынуы бойынша мағлұмат беріп, депутат ретінде жеке бақылауында ұстаған мәселелерді атап өтті. Партияның Сайлауалды бағдарламасы бойынша жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыс орындарымен қамту, олардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан білім беру ұйымдарының құрылыстары туралы толық ақпарат берді. Өткен жылы жолдаған 14 депутаттық сауалының 9-ы қолдау тапқанын атап өтті. Биыл 9 депутаттық сауал жолдап, оның бесеуі оң шешім тапқанын жеткізді.

«- Халықтың ұсыныс, тілектері бойынша қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде халықтың түрлі топтарымен тұрақты негізде жыл басынан бері 16 рет кездесу өткіздім, сайлаушыларды жеке мәселелері бойынша арнайы 6 жеке қабылдау өткізіп, 40-тан аса азаматтың арыз-өтініштерін қарадым. 22 азаматтың өтініші оң шешілсе, 18 өтініш қаралу үстінде. Оң шешілген мәселелердің қатарында көшелерге шағал төсеу, жарық орнату мәселелері, аяқжол салу, тағы сол сияқты мәселелер бар», — деп атап өтті Ертай Тешебаев.

Жиын қорытындысымен қабылданған қаулыда депутаттарға Жол картасы тармақтарының орындалуын қадағалау, атқарылған жұмыстар, партиялық жобалар аясындағы іс-шараларды, қоғамдық қабылдауларды, депутаттық кездесулерді әлеуметтік желіде тұрақты жариялау, тұрғындармен кездесулер барысында айтылған өтініштер мен ұсыныстарды зерделей отырып, нақты проблемалық мәселелер бойынша аудандық әкімдік пен салалық минстрліктерге, Мәжіліс депутаттарына ұсыныстар дайындау, партияның «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және басқа да партиялық жобалардың жүзеге асырылуына тұрақты қатысу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Берілген тапсырмалардың орындалуына облыстық партия филиалы бақылау жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...