ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫНДА 600- ГЕ ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданына жұмыс сапармен барып, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарын бақылады. Аудан экономикасын дамытуға серпін беретін жобалармен танысып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы игі бастамаларға қашан да қолдау болатынын жеткізді. Кәсіпкерлермен жүздесіп, құрылыс сапасына немқұрайлы қарамай, бастаған істі жауапкершілікпен аяқтауды тапсырды.

– Сауран ауданы – облыс көлемінде даму қарқыны артып келе жатқан аймақтардың бірі. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, және де өндіріс салалары ұдайы дамып келеді. Аудан халқының әлеуетін көтеру мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жобалар облысымыз үшін де үлкен жетістік. Мұндағы басты мақсат – инвестиция тартуға бағытталған жобаларды көбейтіп, аймақтың даму сапасын одан әрі жетілдіру. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, әрбір істі уақытында әрі сапалы орындауды ескертемін деді – Нұралхан Көшеров.

Облыс әкімі Бабайқорған ауылдық округінде орналасқан «Мырзахан» шаруа қожалығының 10 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын аралады. Нысан 20 гектар аумақта орналасқан. Жоба құны 8 млрд теңгені құрайды. Мұнда 600-ге тарта жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар бордақылау алаңында ет сақтау қоймасы, мал сою бекеті, тері, қан және тұяқ өңдеу зауыттары, ветеринарлық қызмет көрсету, жем, шөп жинау, мал азығын дайындау және тыңайтқыш өңдеу алаңдарының қызметтері іске қосылады.

Осы күні облыс басшысы Жібек Жолы ауылдық округіндегі «БИНЭКС» ЖШС-нің кірпіш өндіру зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорында күніне 20 мыңнан астам кірпіш өндіріледі. Ал жылына 3,5 млн. дана кірпіш шығаруға қауқарлы. Мұнда 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Нысан 5 гектар аумақта орналасқан. Өндірілетін кірпіш көлемі – 25х12. Жоба құны 500 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын заманауи технологиямен жабдықталған.

Іссапар Шорнақ елді мекенінде құрылысы жүріп жатқан спорт кешенінде жалғасты. Облыс әкімі спорт ғимаратын толық аралап, атқарылған жұмыстармен танысты.

Нысан 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында бой көтеріп, биыл пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жобаға қажетті қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «ДОС и К СЕРВИС» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Нысан 300 адамға шақталған. Мұнда футбол, баскетбол, бокс, күрес және дене шынықтыруға бағытталған жаттығу залдары қарастырылған.

Өңірде әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту мен тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімінің жіті бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз