Қазақстандық Әділхан Қопабаев Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды

9 жастағы қазақстандық Әділхан Қопабаев Американың ең ірі Apple корпорациясында басшылық лауазымдардың біріне тағайындалды. Ол енді Орталық Азия мен Армения аймағына жетекшілік етеді. 

Apple-ге тағайындалғанға дейін Қопабаев халықаралық консалтинг және IT-компанияларда жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап Қазақстанның Энергетика министрлігі жанындағы “Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы” АҚ-ны басқарды және “Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің ситуациялық-талдау орталығының” басқарма төрағасы болды.