ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ 907 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕГІЛДІ

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға егілді. Атап айтқанда, дәнді дақылдар 341 мың гектарға, майлы дақылдар 73,0 мың гектарға, көкөніс пен картоп 55,9 мың гектарға, бақша дақылдары 61,6 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 229,9 мың гектарға егілді. Мақта дақылы 38 мың гектарға артып, 145 мың гектарға орналастырылды. Егіс көлемінің артуы жаңа су үнемдеу технологиялары есебінен қамтамасыз етілді.

Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.

Облыс басшысы жауапты тұлғаларға Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы орындауды тапсырып, бірқатар міндет жүктеді.

– Бекітілген жоспар орындалу керек. Ол үшін мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетілуде. Субсидия алған шаруаларға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіңіздер. 2025 жылғы бекітілген индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев баяндады. Оның мәлімдеуінше, дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Жиын-терім жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағармай бөлініп, қазіргі уақытта босату жұмыстары жүргізілуде. Тауар өндірушілер 1106 дана жаңа техника сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 6 пайызды құрады. Бүгінгі таңда облысқа тыңайтқыш өндірушілер мен сатушылар тарапынан 206 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізілді. Оның ішінде, 101 мың тонна тыңайтқышқа субсидия төленді.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасы аясында өңірде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Астықты ору науқаны маусым айында басталып, 100 % орылды. Гектар түсімділігі 12 центнерден 337 мың тонна дән жиналды. Сондай ақ, 9 мың тонна мақсары, 791 мың тонна көкөніс, 1,1 млн. тонна бақша, 234 мың тонна картоп өнімдері жиналды. Биыл 5,2 млн. тонна мал азықтық дақылдарын жинау жоспарланып, бүгінгі күнге 3,9 млн тонна азық дайындалды.

Биыл су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланып, қазіргі таңда 59 мың гектар алқапқа орналастырылды.

Түркістан облысының климаты жылыжай шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңірлердің бірі. Облыста жылыжайлардың көлемі 1715 гектарға жетті. Жылыжайлардың бірінші айналымынан 102,0 мың тонна көкөніс жиналды. Өткен жылы жылыжай шаруашылығын қолдауға 3,8 млрд. теңге бөлінсе, осы жылға 4,4 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

Облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Биыл облыста 181 гектарға қарқынды бау салынып, көлемі 3,3 мың гектарды құрады. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 8,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.

Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін беруде. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде. Осы жылдың 7 айында экспортқа 20,8 мың тонна ірі қара мал еті, 13,4 мың тонна қой еті бағытталды.

Ет кластерін дамыту бағытында құны 51,3 млрд. теңгені құрайтын ірі 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаятын болады. Сондай-ақ нарықты отандық азық-түлкітерімен қамтамасыз ету бағытында биыл құны 134 млрд. теңгеге 29 жоба жүзеге асыру жоспарлаған. Нәтижесінде, 1 456 жұмыс орны ашылады. Бүгінде құны 56,7 млрд. теңгеге 17 жоба іске асырылып, 626 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін 77,3 млрд. теңгеге 12 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз