ТҮРКІСТАН: БИЫЛ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДА 10 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысы аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 301,5 шақырымы ақылы болса, 376,5 шақырым жол – ақысыз. Биыл облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда 10 жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ұзындығы 2 шақырымды құрайтын 1 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланса, орташа жөндеу жұмыстарымен ұзындығы 208 шақырым болатын 9 нысан қамтылмақ.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен өткен жиында жол саласына қатысты мәселелер қаралды.

Алдымен, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында атқарылып жатқан жұмыстар туралы «КазАвтоЖол» филиалының директорының орынбасары Қуатбек Нұрбаевтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінде Сырдарияға және «Атамекен» өткізу пунктіне кіреберіс жолдарды жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Сонымен қатар «Cамара – Шымкент» бағытындағы жол орташа жөндеуден өтті. «Шымкент – Жібек жолы» автомобиль жолының Қазығұрт кеден бекетіне кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Зұлпыхар Жолдасов анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруге уақыт беріп, жауапты тұлғаларға бірқатар міндет жүктеді. Жол бойындағы санитарлық тораптарды ретке келтіру, санын арттыру, талапқа сай келмейтіндерді жою бойынша тапсырма берді. Бұл жұмыстарға инвесторларды тарту қажет екенін айтты.

Жыл басынан бері республикалық автомобиль жолдарының бойында орналасқан аялдамалар мен демалыс алаңшалары, санитарлық тораптар, жол элементтерін сырлау, жаңарту жұмыстары, өртке қарсы минералды жолақ жырту, жол жиегін жобалап жөндеу сияқты жұмыстар жоспарға сай атқарылуда.

Облыс бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жалпы 32 дана санитарлы-гигиеналық торап орналасқан. Оның ішінде, 11 данасы жеке инвесторлар тарапынан құрылған келісім-шарт аясында заманауи абаттандырылған жылы тораптар болса, қалған 21 данасы – суық тораптар.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы жолдарда және елді мекен көшелеріндегі атқарылып жатқан жұмыстар мен күтіп ұстау жұмыстарының барысына тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Жиын барысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында анықталған кемшіліктер бойынша басқарма басшысының орынбасары Мейржан Джалаиров баяндады. Сонымен қатар облыс аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстары атқырылып жатқан жолдардың сапасы бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы директоры Мұрат Мықтыбаев есеп берді.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз