«AMANAT» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы Қонаев қаласында өтті

AMANAT партиясының қабылдауында 100-ден астам тұрғын өз мәселесін жеткізді

Қабылдау қала тұрғындарына барынша ыңғайлы болуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталығының жанында ұйымдастырылды. Азаматтармен кездесуге партия мүшелерімен қатар, облыстық басқармалар, құқық қорғау органдары, заңгерлер мен адвокаттар қатысты.

Іс-шара барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инфрақұрылымның тозуы, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмек, құқықтық кеңес пен еңбек қатынастарына қатысты сұрақтар жиі қойылды. Кейбір азаматтар коммуналдық төлемдер мен үй салуға байланысты мәселелерін көтерсе, енді бірі алимент өндіріп алу, мұрагерлік және еңбек даулары бойынша заңгерлік кеңес алды.

Қабылдауда көптен бері қоғамда талқыланып келе жатқан мәселелердің бірі – Ауған соғысына қатысқан азаматтардың әлеуметтік мәртебесі де сөз болды. Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Молдабергенов бұл сұрақ бірнеше рет министрлікке жеткізілгенімен, нақты шешім қабылданбағанын атап өтті.

«Ауған соғысына қатысқан ардагерлер 1995 жылғы заң бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген болатын. Бірақ 2010 жылдан бастап бұл мәртебеден айырылдық. Соның салдарынан медициналық көмек, тұрғын үй, қоғамдық көліктегі жеңілдіктер тоқтады. Біз мәртебемізді және тиісті әлеуметтік қолдауларды қайтаруды талап етеміз», – деді Қанат Молдабергенов.

Бұл мәселеге қатысты партия өз ұстанымын білдірді. «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Әлия Садырбаева ардагерлер көтерген сұрақтың ел аумағындағы бірнеше өңірде қайталанып отырғанын айтып, оны Үкімет деңгейінде қарауға жол ашылатынын жеткізді.

«Ардагер мәртебесіне қатысты ұсыныстар бірнеше өңірде жүйелі түрде көтерілу үстінде. Бұл – қоғам үшін маңызды мәселе. Сондықтан біз оны назардан тыс қалдырмаймыз. Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, Премьер-Министрдің орынбасарына дейін жеткізуге ниеттіміз. Бұл – азаматтардың үнін жоғары деңгейге жеткізудің нақты жолы», – деді Әлия Садырбаева.

Қоғамдық қабылдауда тағы бір өзекті тақырып – балалардың әдеби тілден алыстауы және көркем әдебиетке қызығушылығының төмендеуі болды. Қала тұрғыны Абзал Нұсқабай бұл құбылыстың тек білім сапасына ғана емес, ұлттың мәдени негізіне де әсер ететінін айтып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Оның сөзінше, оқушылардың көпшілігі гаджетке тәуелді, ал көркем әдебиет оқу, жаттау және мазмұндау сияқты дағдылар мектепте жүйелі түрде қалыптаспаған.

«Кезінде біз тоқсан сайын кемінде бір кітап оқып, шығармашылық есеп тапсыратынбыз. Жазда да, қыста да тақпақ жаттап, мәнерлеп сөйлеуге машықтандық. Бұл – тіл байлығымызға, есте сақтау қабілетімізге, ойлау жүйемізге үлкен әсер етті. Қазір мұндай тәжірибе жүйелі түрде жүргізілмейді», – деді ол.

Абзал Нұсқабайдың пікірінше, әр сыныпта аптасына бір рет оқушылардан жаттаған тақпақтарын айту, демалысқа арнайы кітап тізімін беру және үй тапсырмасына ертегі мазмұнын айту сияқты элементтер оқу процесіне қайта енгізілуі қажет. Бұл бастама барлық мектептерге ортақ әдістемелік нұсқаулық ретінде бекітілуі керек.

Қабылдау барысында барлық өтініштер тіркеліп, жауапты мекемелерге жолданды. Кейбір мәселелер сол жерде жедел шешімін тапты. Ал әлеуметтік мәртебе, білім беру және заңнамалық өзгерістерді талап ететін бірқатар сұрақ республикалық деңгейде қаралатын болады. Партия бұл бастамалардың орындалуын бақылауда ұстайды және тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жүргізуге дайын.

Еске салайық, қазақстандықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша «AMANAT» партиясының Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс арналары арқылы хабарласа алады:

1.    Сall-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

2.    WhatsApp: 8 700 800 4441;

3.    E-mail: komek@amanatpartiasy.kz.

Қабылдауға жазылу қабылдау өткізілетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...