Сарбаз ант қабылдау рәсімінде үйленуге ұсыныс жасады

Шымкентте әскерге шақырылған сарбаз ант қабылдау рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. «Фото: Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы»

Сезімге толы оқиға туралы ақпаратты Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы жариялады. Бүгін ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланына қарасты 6506 әскери бөлімінің 400-ге жуық жас сарбазы әскери ант қабылдаған болатын. 

Рәсімнен кейін көпшілік алдында Алматыдан шақырылған қатардағы жауынгер Руслан Андреев сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Салтанатты шараға жиналған мыңға жуық адам романтикалық оқиғаның куәсі болды.

Салтанатты шараға сарбаздың ата-анасы да келген, олар ұлдарының ниеті туралы алдын ала білгендерін және шешімін қолдайтындарын айтты