Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларда шекаралық бақылаудан өту тәртібі жолаушыларға жеңіл болу үшін арнайы бұйрық жобасын жариялады.
Тиісті бұйрықтың енгізлу мақсаты еліміздің әуежайларында паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз ету.
Құжатқа сәйкес, шекаралық бақылаудың қарапайымдылығы мен жылдамдығы қамтамасыз етілуі тиіс. Олар:
— Шекара қызметімен келісілген жолаушылардың ұшып кету/қону рәсімдерінен өту уақытын реттейтін әуежай стандартының болуы;
— рәсімдерді орындау талаптары туралы жолаушылар үшін қолжетімді ақпараттың болуы;
— Шекара қызметімен келісілген паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығының болуы және оның орындалуын бақылау;
— жылына 1 миллионнан астам жолаушы ағыны бар әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы.
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, шекаралық бақылау қызметкерлерінің сыпайылығы мен мейірімділігі мыналармен қамтамасыз етілуі тиіс:
— жолаушылар ағынына байланысты шекаралық бақылау персоналының күнделікті жұмыс кестесінің болуы және әуежаймен келісу және аймақтың өткізу қабілетін жылдам арттыру мүмкіндігі;
— персоналдың сыртқы келбетіне қызмет көрсету талаптарының стандартының болуы және оның орындалуын бақылау.
Жоба “Ашық НҚА» порталында орналастырылды және 31 қаңтарға дейін қоғамдық талқылауға қолжетімді болады.