Универсиада-2025: тағы бір биатлоншы Қазақстан қоржынын жүлдемен толықтырды

Қазақстандық биатлоншы Арина Крюкова Италияда өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Универсиада ойындарында қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.

«Қазақ спорт және туризм академиясы студенті Арина Крюкова қола медаль иегері! Қысқы универсиада ойындарында спортшымыз биатлоннан 7,5 шақырым қашықтықтағы спринт сайысынан үшінші келіп, жүлделі орынға ие болды. Құтты болсын!», — деп жазды министр.

Арина Крюкова. Фото: t.me/SayasatNurbek