Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бастаған делегация Қытайға жасаған жұмыс сапарында бірқатар келісімге қол жеткізді

Өңір басшысы Серік Шәпкенов бастаған делегацияның ҚХР-ға жасаған жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды келісім жасалды.

Атап айтқанда:

— «Еуразия» Қазақстан-Қытай жаңа индустриялық аймағы құрылады. Жоба 2026 жылы жүзеге асырыла бастайды. Негізгі әріптес — қытайлық PAN ASIA FORWARD CO. LTD. компаниясы. Жаңа келісімшарт аясында қытайлық компания Атырауда жалпы инвестиция көлемі 120 миллион АҚШ долларын құрайтын 5 ірі өндірістік жобаны іске асырмақ. Бұл 1000-нан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді;
— Қытайлық Envision Energy компаниясы Атырауға қуаты 500 мВт болатын жел электр станциясын салуды жоспарлауда. Жобаны іске асыру үшін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов пен компания жетекшісі Вэй Вэй меморандумға қол қойды;
— Қазақстандағы Hualin Energy компаниясы мен қытайлық «Ханчжоу Кэлинь Электрик» компаниясы газ-поршеньді электр стансасын салмақ. Оның қуаты — 250 мВт. Жобаны іске асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың маңынан 30 гектар жер берілді. Келер жылы іске қосу жоспарлануда;
— Қытайдағы CREI International Co компаниясы Атырау облысында жел генераторлары мен күн панелдерін орнату жобасын жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Бұл жоба бойынша да меморандумға қол қойылды.

Атыраулық делегация ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінде екі компанияның басшылығымен кездесу өткізді.

Олар:
— Лас суды тазартып, ащы суды тұщытатын Green Jiangnan Environmental Protection Co., Ltd. компаниясы;
— Құрылыс, энергетика, мұнай-химия өнідірісі сынды бірқатар бағытта жұмыс істейтін Power Construction Corporation of China компаниясы.

Делегация мүшелері Ухань қаласына да барып, ондағы балық шаруашылығы саласы бойынша жасалып жатқан жұмыспен танысты.

Сонымен қатар облыс әкімі Нанкин қаласы партия комитетінің хатшысы Чжоу Хунбомен, Далянь қаласының мэрі Чэнь Чаован мен
Паньцзинь қаласының мэрі Син Пэнмен кездесті. Тараптар өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтып, бауырластық қатынастар жөніндегі келісім жасауға ниет білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз