Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің жетекшілігімен Қазақстан делегациясы Ресейге іссапармен барып қайтты. Бұл сапар АЭС салуға қажетті технология жеткізушілермен жүргізілген диалогтың соңғы кезеңі болды. Бұған дейін делегация Оңтүстік Корея, Франция және Қытайға барып қайтқан еді.
Қазіргі таңда АЭС салуға үміткер ретінде төрт компания тіркелді:
Ресейдің «Росатом»
Қытайдың CNNC
Оңтүстік Кореяның KHNP Францияның EDF компаниясы.Министрліктің мәліметінше, АЭС салуға арналған технология жеткізушісін таңдау бойынша соңғы шешім биыл қабылданады. Ол ұлттық мүдделер, халықаралық нормалар және МАГАТЭ-нің ұсыныстары негізінде жүзеге асырылмақ.