Қазақстандық биатлоншы Кирилл Бауэр 15 шақырымдық масс-стартта керемет нәтиже көрсетіп, мәреге үшінші болып жетті. Ол Франция және Швеция спортшыларына ғана жол беріп, 43:26.9 уақыт көрсеткішін тіркеді. Жеңімпаздан айырмашылығы +33.8 секунд болды.
Сонымен қатар, қазақстандық басқа биатлоншылар да жақсы нәтижелерге қол жеткізді: Вадим Куралес алтыншы орынға, Никита Акимов жетінші орынға тұрақтаса, Ержанат Қуандық 19-орынға табан тіреді.
Айта кетсек, бұл медаль Қазақстан үшін Универсиада аясындағы 12-ші және бесінші қола медаль болып табылады.