16 жастағы қазақ футболшысын «Челси» 4,3 миллион еуроға сатып алды

16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев «Челси» клубына ауысады. Әлемдік футболдың басты инсайдерлерінің бірі Фабрицио Романо осы жаңалықты растады.
Фабрицио Романоның сөзінше, алматылық «Қайраттан» ауысу құны 4 миллион еуро (2 миллиард теңгеден астам) болды.

«Дастан 18 жасқа толғанда келісімшартты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен «Челси» клубымен 5 жылдық келісімшартқа қол қояды», – деп жазды Романо. 

Қазақстандық талантқа «РБ Зальцбург», «Байер», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» сияқты басқа клубтар да қызығушылық танытқан. Алайда «Челси» Дастанды өз қатарында көруге ерекше құлшыныс білдірді.