Coca-Cola Еуропадағы өнімдерін кері қайтармақ

Coca-Cola компаниясы Еуропадағы өнімдерін кері қайтарып алмақ. Бұл шешім сатылған өнімдерде хлорат деңгейінің жоғары болуына байланысты қабылданған. Хлораттың жоғары деңгейі денсаулыққа, әсіресе балалар мен сәбилердің қалқанша безіне теріс әсер етуі мүмкін. Айтта кетейік, Кері қайтару тек Бельгия, Люксембург және Нидерландта ғана жүзеге асырылып жатыр. Ұлыбританияға жеткізілген сусындар сатылып кеткенімен, алайда шағымдар түспеген.