АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп өзінің экономикалық стратегиясын қайта жаңғыртып, шетелден келетін барлық тауарларға жаңа баж салығын енгізді. Бұл тарихи шешім 185 елге қатысты, олардың қатарында Қазақстан да бар.
Трамптың жаңа тарифтік саясатына сәйкес, Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерге 27% баж салығы белгіленді. Бұл – көптеген елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Мәселен, Қытайдан келетін тауарларға 34% алым салынса, Еуроодақ елдеріне 20% мөлшерінде салық енгізілді.
Тізімде ең жоғары тарифтер Вьетнам, Камбоджа және Лаос елдеріне қатысты – әрбір тауардан 50% мөлшерінде алым алынатын болады.
АҚШ-тың бұл шешімі халықаралық саудаға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Трамп бұл қадамды “Америка үшін бұрын-соңды болмаған тарихи күн” деп атап, арнайы кесте арқылы әр елге қатысты салық мөлшерін көпшілікке жариялады.
Қызығы, Трамп жариялаған елдер тізімінде Қазақстан болса да, іргелес жатқан Ресей Федерациясының аты аталмаған. Бұл сарапшылар арасында түрлі жорамалдарға жол ашып отыр.