«AMANAT»: Жұмыс орындарын құрудағы экономикалық тиімділік айқын және қадағаланатын болуға тиіс

Бүгінде жұмыс орындарын құру – өнеркәсіп кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсету кезінде негізгі KPI көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Экономика, цифрландыру және инновацияларды дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің отырысында Мәжіліс депутаты, Кеңес төрайымы Екатерина Смышляева айтты.

Отырыстың басты тақырыбы – еңбек нарығының трансформациясы мен цифрлық экономикаға көшу жағдайында жұмыс орындары экономикасын дамыту болды. Депутаттың айтуынша, жұмыс орнының экономикасы – тек бос жұмыс орнын құру ғана емес, сонымен қатар жұмыспен қамтудың кепілдіктері, қызметкерлердің әл-ауқат деңгейі, әлеуметтік қорғау және еңбек көші-қонын болжау сынды бағыттарды қамтитын кешенді мәселе.

«Бұған дейін біз деректердің қайталануы және ашықтықтың болмауы мәселесіне тап болсақ, бүгінде цифрлық интеграцияның арқасында нақты көрсеткіштерді көріп отырмыз: қанша қаражат бөлінді, қанша жұмыс орны құрылды және қандай кәсіпорындар нақты жұмыс істеп жатыр», – деді Екатерина Смышляева.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев еңбек нарығындағы өзекті деректер мен трендтерді ұсынды. Оның айтуынша, 2025 жылы 1,2 млн бос жұмыс орны жарияланады деп болжануда, ал 2035 жылға қарай жалдамалы жұмысшыларға қосымша сұраныс 316 мың адамға артады.

«Сапалы жұмыс орындарын құру – Еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасында айқындалған басты бағыттардың бірі. Бүгінде бұл мемлекетіміздің жұмыспен қамту саласындағы негізгі басымдықтарының біріне айналды. Сапалы жұмыспен қамтудың негізгі факторларына – автоматтандыру, цифрландыру және еңбек өнімділігін арттыру жатады. Дәл осы факторлар болашақтағы тұрақты экономика мен еңбек нарығының негізін қалыптастырады», – деді ол.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бүгінде шамамен 1 млн азамат жеткізу және тасымалдау бойынша онлайн-сервистерде жұмыс істейді. Мемлекет бұл өзгерістерге белсенді әрекет етіп, осындай жұмыспен қамту түрлерін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тарту тетіктерін дамытып жатыр.

Талқылаудың негізгі бағыттарының бірі – Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту болды. Қазіргі таңда бұл жүйе экономиканың негізгі салаларының 97%-ын қамтиды. Бекітілген кәсіптік стандарттар негізінде 11 мыңнан астам білім беру бағдарламасы әзірленді. Уақыт талабына сай мамандықтар енгізілуде. Олардың ішінде киберқауіпсіздіктен бастап үлкен деректерді талдаушыларға дейінгі мамандықтар бар.

2025 жылдың бірінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 115 мың адамға артты, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға дейін төмендеді, ал орташа айлық жалақы 423 мың теңгеге жетті. Осылайша, жалдамалы еңбек өзін-өзі жұмыспен қамтудан біртіндеп басым түсе бастады.

Еңбек күшінің білім беру құрылымында да елеулі өзгерістер болып жатыр. Соңғы 11 жылда техникалық және кәсіптік білімі бар мамандардың үлесі 32%-дан 51%-ға өсті. Бұл көлік, сауда және өнеркәсіп сияқты нақты сектордың орта буын білікті кадрларға деген сұранысын көрсетеді.

Екатерина Смышляева салық жүктемесі мәселесін азаматтардың негізгі құқықтарының орындалуымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Ол еңбек нарығында пайда болған жаңа шарттық қатынастар түрлерін ескеру қажеттігін айтып, заңнаманың осы өзгерістерге бейімделуге тиіс екенін жеткізді.

«Бүгінгі талқылаудағы басты назар – мемлекет немесе жұмыс беруші көтеретін шығын мен жұмыс орындарын құру не сақтау кезіндегі міндеттемелер арасындағы тепе-теңдікті табу болды. Бұл процесте экономикалық тиімділіктің көрсеткіші айқын әрі қадағаланатын болуы керек. Сондай-ақ салық жүктемесі туралы маңызды мәселе көтерілді. Менің ойымша, бұл мәселені хаттамаға енгізіп, бөлек қарастыру қажет, себебі ол азаматтардың құқықтарына тікелей байланысты. Сонымен қатар жаңа еңбек шарттарының түрлері де маңызды. Бұл – қазіргі өмірдің сұранысы. Азаматтық кодекс негізгі құжат болып қала берсе де, ол да қазіргі жағдайларға бейімделуі керек. Жаңа жұмыс істеу форматтары пайда болуда, сондықтан еңбек нарығын реттеу де соларға сай дамуға тиіс», – деді депутат.

Сондай-ақ Екатерина Смышляева салалар бойынша бір жұмыс орнын сақтаудың құны туралы деректерді дайындап, инвестициялық жобалар навигаторы бойынша өзекті ақпаратты ұсынуды ұсынды. Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы аясында әлеуметтік жеңілдіктерді аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып әділетті бөлуді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Депутаттың пікірінше, әкімдіктер әлеуметтік қолдау саласындағы өз өкілеттіктерін нақты түсінуге тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...