«AMANAT» партиясы автокөлік контрабандасына қарсы күресті күшейтуді талап етуде

Елімізге жыл сайын 76 мыңға жуық көлік контрабандалық жолмен кіргізіледі

«AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында ел аумағына заңсыз жолмен тасымалданатын автокөліктер мәселесі көтерілді. Жиынға Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері, орталық мемлекеттік органдар мен аймақтық әкімдіктердің өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Мәжіліс депутаты, Кеңес төрағасы Ерлан Саиров соңғы жылдары бұл салада болып жатқан заң бұзушылықтарға назар аударып, статистикалық деректерге сүйеніп, нақты мысалдар келтірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа Жолдауында шетелден жеткізілген көліктерді заңдастыруға және заңсыз тасымалға тосқауыл қоюға тапсырма бергенімен, бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі әлі де жеткіліксіз. 2023 жылдан бері Қаржы мониторингі агенттігі 11,8 миллиард теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған 1821 автокөлікке қатысты 87 қылмыстық істі тіркеген. Бұл – ел экономикасына да, құқықтық тәртіпке де тікелей қауіп», — деді ол.

Қоғам белсендісі Еркебұлан Құлбасов бұл мәселенің ауқымды сипат алғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізге жыл сайын 76 мыңға жуық көлік контрабандалық жолмен кіргізіледі.

«Бұл көліктердің көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекаралас аймақтар арқылы жеткізіледі. Мұндай көліктердің көбінің құжаттары күмәнді екені анық, кейбір жағдайларда бір мемлекеттік нөмірмен бірнеше көлік қатынайды. Біз жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйенсек, қазіргі таңда ел ішінде уақытша иелік ететіндер саны 56 800-ден асып отыр. Ал кедендік рәсімдеуден өте алмай, салықтық міндеттемелерін орындай алмағандардың қатары 103 мыңға жеткен. Ішкі істер министрлігі мұндай көліктерді елге әкеліп, саудалаумен айналысатын қылмыстық топтарды анықтап, құрықтап жатыр. Алайда заңсыз әрекеттер тоқтаған жоқ. Себебі сұраныс сақталған жерде, мұндай ұсыныстар да жалғаса береді», — деді ол.

Атырау облысының тұрғыны Айсұлтан Кәдіров те бұл мәселенің жергілікті деңгейдегі көрінісін сипаттап берді. Оның айтуынша, көпшілік азаматтар бағасы қолжетімді көліктерге ұмтылады.

«Қарапайым халық көбіне 5-6 миллион теңге аралығындағы көліктерді іздейді. Ал заңсыз жолмен жеткізілетін оң рөлді көліктердің бағасы дәл осы диапазонда болғандықтан, оларға сұраныс жоғары. Өкінішке қарай, отандық көлік бағасы көпшілікке тиімсіз», – деді ол.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2025 жылдың басынан бері еліміздің өткізу бекеттерінде заң талаптарын бұзған 238 көлік құралын анықтаған. Олар тиісті тәртіппен ішкі істер органдарына тапсырылғанымен, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан шекарадағы бақылау жүйесін күшейтпей, мәселені толықтай шешу мүмкін емес екенін алға тартты. Оның пайымдауынша, қазіргі бақылау жүйесі толыққанды нәтиже бермей отыр, себебі бұл жұмыс тікелей ІІМ немесе ҰҚК Шекара қызметінің негізгі міндеттеріне кірмейді.

Отырыс соңында Республикалық кеңес көлік контрабандасына қатысты мәселе партияның бақылауында қала беретінін және бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз