«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кеңейтілген аппарат жиыны өтті

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің жетекшілігімен кеңейтілген аппарат жиыны өтті. Онлайн форматта ұйымдастырылған жиынға партияның қалалық, аудандық филиалының төрағалары мен атқарушы хатшылары бейнеконференция арқылы қатысты.
Кеңесте партия филиалына жүктелген негізгі міндеттердің орындалу барысы сараланып, жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың нәтижелері талданды. Сондай-ақ ішкі тәртіп пен орындаушылық мәдениеттің орнығуы, партия құрылымдарының жұмыс қарқыны және алдағы кезеңге арналған нақты межелер жан-жақты талқыланды.
Партиялық қызметті жетілдіру жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен орын алған олқылықтар да назардан тыс қалмады. Әсіресе, партия құрылымдарының тиімділігін арттыру, өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың оң шешілуіне жол ашатын тетіктер қарастырылды. Бұл міндеттер партиялық кадрлардың кәсіби деңгейін арттырып, қоғам сұранысына сай жұмыс істеуіне серпін береді.
Жиын барысында облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бастауыш партия ұйымдарының жұмысына қатысты рейтингтік нәтижелер бойынша баяндама жасап, бірқатар бағыттарға жеке тоқталды. Атап айтқанда, бастауыш ұйымдарды арнайы кабинетпен және материалдық-техникалық базамен қамту, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тиімділігі, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, медиа белсенділік, партия қатарына жаңа мүшелерді тарту сынды көрсеткіштер егжей-тегжейлі талданды.
Сонымен қатар, жергілікті мәслихаттармен өзара ықпалдастықты арттыру қажеттілігі айтылып, партиялық фракция депутаттарының мемлекеттік және қоғамдық бастамаларға белсене қатысуы маңызды екені атап өтілді.
Жиын соңында партия филиалдарының жұмысын одан әрі жандандыруға бағытталған ұсыныстар айтылды. Қаржылық сауаттылықты арттыру, экологиялық бастамаларды қолдау, оқу мәдениетін дамыту және түрлі әлеуметтік топтармен тығыз байланыс орнату сынды бағыттарда нақты қадамдар жасау қажеттігі баса айтылды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда депутаттық корпуспен бірлескен іс-шаралар жүргізу де басты назарға алынды. Алдағы сайлауларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мәселелері, партиялық нысандардың мониторингі: жол картасы аясында салынған объектілерге қатысты жұмыс, сайлауалды бағдарламалардың орындалу барысының фракция отырысында қаралуы және қызметтік тәртіптің сақталуы да айтылды.
Кеңейтілген аппарат жиыны қорытындысында нақты жұмыс бағыттары белгіленіп, олардың орындалуы облыстық филиал төрағасының тікелей бақылауына алынды.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз