«AMANAT AQYLMAN» – ЗИЯТКЕР ҰРПАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК АЛАҢЫ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы биыл төртінші жыл қатарынан азаматтардың білімі мен зердесін ұштастыратын, ұлттық құндылық пен тарихи сананы дәріптейтін «AMANAT AQYLMAN» зияткерлік ойындарын өткізіп отыр. Биылғы ойындар Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейлі белесіне арналып, іріктеу кезеңдері 17 аудан, қалада өткізілді. Іріктеу кезеңіндегі әрбір ойынға 8-10 команда қатысып, партия филиалының «Жастар рухы» жастар қанаты бастамашыл болған бұл жоба өңір жастары үшін интеллектуалды бәсекелестікпен қатар, рухани дамуға жол ашатын ерекше платформа болып қалыптасты.

«AMANAT AQYLMAN» ойындарының ақтық кезеңі бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ашылды. Ата Заңның 30 жылдығына арналған іс-шара Қазақстан Республикасы Гимнінің салтанатты орындалуымен басталды. Зияткерлік ойындардың рухы Түркістанның терең тарихымен, мәдени болмысымен үндестігін көрсетті, жастарды ұлт тағдырына бейжай қарамайтын, білімді де парасатты тұлға болуға баулитын алаң ретіндегі мәртебесін паш етті.

«AMANAT AQYLMAN» ойындарының ашылу салтанатында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева қоғамды білім мен парасаттылыққа бастайтын бастамалардың қатарында бұл ойындар ерекше маңызға ие жоба екенін айтты.

«- «AMANAT AQYLMAN» ойындары жастардың білімін ғана емес, жауапкершілігін, көшбасшылық қасиетін танытатын алаң. Бұл – рухани жаңғыру мен зияткер ұлт қалыптастыру жолындағы нақты қадам. Зерде сайысы жастардың ой-өрісін дамытып, тарихи сананы жаңғыртуға, елдік мәселелерге бей-жай қарамайтын, зерделі ұрпақ қалыптастыруға бағытталған. Биыл 30 жыл толып отырған Конституциямызда білім беру мәселесі адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының қатарында қарастырылады. Бұл – мемлекеттің азаматтарға білім алуға кепілдік беретінін білдіреді. Конституция білім беру саласының құқықтық негізін белгілеп, оның қолжетімділігі мен міндеттілігі туралы нақты баптармен бекіткен. Жастардың басын қосқан зияткерлік сайыс зерделі азаматтық ұстанымы бар белсенді азаматтар шоғырын қалыптастыру, олардың мәдени-рухани дүниетанымын кеңейту, белсенді әрі білімді жас буынның қатарын көбейту міндетін көздейді. Ақылдылар сайысында әрдайым жолдарыңыз ашық болсын», — деп ақ тілегін жеткізді Қалыйма Жантөреқызы.

Партияның Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман да сөз алып, білім бәйгесіне шыққан жастарға сәттілік тіледі. «- «AMANAT AQYLMAN» ойындары Түркістан облысының жастары бас қосатын, ой жарыстыратын мәртебелі алаңға айналды. Ата Заң – айбыным деп өскен жас ұрпақтың өкілдері ретінде, Контитуциямыз кепіл болған игіліктерді көріп келеміз. Бүгін жарыс жолына шыққан командалар 7 кезең бойынша мықты топты анықтайтын олады. Соның ішінде Ата Заңмен бекітілген құқықтық нормалар туралы заң талаптары, партиялық қызмет туралы сауалдар да бар. Ойынға түсіп жатқан командалардың бәріне сәттіліктер тілейміз», — деді Жансерік Бауыржанұлы.

«AMANAT AQYLMAN» интеллектуалдар сайысына барлығы 17 команда қатысты. Әр команда 5 ойыншысын ортаға шығарды. Зияткерлер жарысына түскен командалардың құрамында түрлі сала өкілдері болды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, көлік және байланыс, кәсіпкерлік қызмет, мемлекеттік қызметшілер, жұмысшы мамандық иелері, жастар ұйымдарының белсенділері болды. Командалардың дайындығын, тапсырмаларды орындау шеберлігін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Қалыйма Жантөреева, «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің директоры Асқар Кенехан, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жансерік Жұман, облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Пердебек Есқұлов бағалап, қазылық етті.

Сайыс кезең-кезеңмен өтіп, қатысушылар түрлі интеллектуалды тапсырмалар арқылы логикалық ойлау, командалық жұмыс және шешендік өнер бойынша сынға түсті. Әрбір қатысушы біліммен қатар, өз дарынын, алғырлығын және елдік ұстанымын көрсете білді. Ойынға қатысқан командалар білім, тапқырлық, логика және стратегиялық ойлау қабілеттері бойынша сынға түсті. Қатысушылар тарих, әдебиет, мәдениет, саясат, заманауи жаңалықтар мен қоғамдағы өзекті тақырыптар бойынша білімдерін ортаға салып, пікір алмасты. Ойынның мазмұны тек білім бәсекесі ғана емес, замандастар арасындағы сұхбат алаңы ретінде де өрбіді. Қатысушылар бір-бірінен үйреніп, көзқарастарымен бөлісіп, ортақ ұлттық құндылықтарды талқылады.

Ой жарысының қорытындысымен: жүлделі бірінші орынды Сарыағаш ауданы еншілесе, екінші орынды – Төлеби ауданы, үшінші орынды – Отырар ауданының командасы иеленді. Барлық қатысушыларға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А. Үмбетәлиевтің Алғыс хаты табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...