«AMANAT» партиясы жұмысшы мамандық иелерінің балаларын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы «AMANAT» партиясы ата-аналары құрылыста, коммуналдық салада, өндірісте және өзге де маңызды салаларда еңбек ететін балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде «Жастар Рухы» жастар қанаты жұмысшы отбасылардан шыққан балалардың басын қосты. Мұндағы мақсат – балаларды әр түрлі ойын арқылы жұмысшы мамандықтарымен таныстыру және қоғамның әділ әрі тұрақты негізі ретінде адал еңбекке құрметпен қарай білуге үйрету. Жалпы, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, партияластар ел аумағында 23 мыңнан астам балаға арнап 300-ден астам мерекелік іс-шара өткізді.

Өз кезегінде, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек балаларға қамқорлық жасау мемлекет саясатының басым бағыты екенін және партия осы саладағы бастамаларға белсенді қолдау көрсететінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әрбір жеткіншек мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы керек екенін әрдайым айтып келеді. Балаларға қамқорлық жасау – «AMANAT» партиясы атқаратын ауқымды жұмыстың негізгі әрі ажырамас бөлігі. Ана мен балаға лайықты қамқорлық, дамыған әлеуметтік инфрақұрылым, қолжетімді баспана – отбасы әл-ауқаты мен демографиялық өсімнің ең маңызды әрі міндетті шарты. Атап айтқанда, Мәжілістегі партия фракциясының күш салуымен Мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жүзеге асырылды, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша нормалар қабылданды, жетім балаларды қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл – соңғы уақытта жасалған ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана», – деді ол.

«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерованың айтуынша, балалар жұмысшы мамандықтарымен әр түрлі ойын арқылы танысады. Осылайша, балалардың тың дүниені тануға деген қызығушылығы оянады.

«Ойын арқылы балалар білім мен дағдыны бойға әлдеқайда жақсы сіңіреді. Білім беру барысы барынша қызықты әрі тартымды болуы керек. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында біз тек мектеп бітірушілермен және студенттермен ғана емес, сонымен қатар, оқушылармен, әсіресе бастауыш сыныпта білім алатын балақайлармен жұмыс істеуге ұмтыламыз. Балалар әлемге деген кіршіксіз көзқарасы арқылы өздерін түрлі мамандық иесі ретінде елестете алады. Себебі асқақ армандардың алғашқы іргетасы осы бала кезде қаланады. Ересектердің міндеті – бала қиялын дұрыс арнаға бағыттап, ұл-қыздарға таңдау мүмкіндігін беру. Осылайша, ойын арқылы біз балалардың бойында жұмысшы мамандықтарға және еңбек адамына деген құрметті қалыптастыра аламыз», – деді ол.

Екі баланың әкесі, «Астана-Энергия» АҚ-ның машинисі Ержан Умралинов өмірде баладан маңызды ештеңе жоқ екенін атап өтті.

«Ұлым – мектеп оқушысы, ал қызым биыл балабақшаны тәмамдап, күзде бірінші сыныпқа барады. Балалар белсенді түрде білім алатын, дәстүрлі құндылықтарды бойға сіңіретін кезең – осы уақыт. Бүгін балалар жұмысшы мамандықтары туралы тек естіп қана қоймай, жіті түсінді деген ойдамын. Осы іс-шараны ұйымдастырушыларға айрықша алғыс айтамын. Балалар бақытты болса – біз, ата-аналар да бақыттымыз», – деді ол.

Мерекелік іс-шараға қатысқан 3-сынып оқушысы Ерназар Сәтмұхамбетов алған әсерімен бөлісті:

«Ойнаған ойындарымыз маған өте қатты ұнады. Әкемнің атқарып жатқан жұмысы аса маңызды екенін түсіндім. Ол барлық жерде жарық жанып тұруы үшін жұмыс істейді. Егер әкем болмаса, айнала қараңғы болар еді, теледидар да, компьютер де жұмыс істемес еді. Мен де өскенде пайдалы іспен айналысқым келеді», – деді ол.

«Жастар Рухы» жастар қанаты Халықаралық балаларды қорғау күніне орай дәстүрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жұмысшы мамандықтарының ел өмірінде алар орнына, маңызына назар аударды. Биылғы мереке ата-аналары өндірістерде, ТКШ, медицина, білім беру және өзге де негізгі салаларда еңбек ететін отбасылардан шыққан балаларды біріктірді. «Жастар Рухының» белсенділері балаларға аниматорлардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырып, сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай партияластар «Бақытты отбасы» жобасы аясында ел аумағында 23 мыңнан астам балаға арнап 300-ден астам мерекелік іс-шара өткізді. Еліміздің 20 өңірінде турнирлер, экскурсиялар, анимациялық қойылымдар, қайырымдылық акциялар өткізілді. Партияластар жетімдер үйіндегі балаларға барып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл – соңғы уақытта жасалған ауқымды жұмыстың бір бөлігі ғана.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...