«AMANAT»: Энергетикалық жүйеге көшу кезінде экология мен адамдарға қамқорлық жасалуы керек

Декарбонизациялау және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағытында жасалып жатқан қадамдарға қарамастан, көмір генерациясы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін әлі де аса маңызды болып отыр. Бұл әсіресе солтүстік өңірлер үшін өте өзекті мәселе. Себебі қыс мезгілінде аталған аймақтарды көмір стансаларынсыз тұрақты жылумен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бүгінде технологиялық, әлеуметтік және экономикалық себептерге байланысты көмірден толық бас тарта алмаймыз. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Экологиялық кеңес отырысында Кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Бауржан Смағұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңартылатын энергия көздеріндегі басты проблемалардың бірі – ептілік пен диспетчерлік қызметтің жоқтығы. Ірі жобалардың өзі бір гигаваттқа арналған энергияны сақтау жүйелерін қажет етеді. Бұл – аса қымбат, технологиялық тұрғыда күрделі және әзірге жаппай жүзеге асырылмауда. Яғни, энергия сақтау жүйелері болмайынша, жаңартылатын энергия іс жүзінде сенімді әрі үздіксіз жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ Бауржан Смағұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы мәселеге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

«2024 жылы Бакуде өткен саммитте Президент әлемдегі зиянды шығарындылардың 1 пайызы ғана Орталық Азия елдеріне тиесілі екеніне қарамастан бұл аймақ көптеген климаттық қатерге ұшырап отырғанын атап өтті. Ол су мен жер ресурстарын тиімді басқару үшін жасанды интеллект және жерсерік арқылы бақылау сияқты озық технологияларды енгізу қажет екенін жеткізді. Сонымен қатар Тоқаев Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сондай-ақ Әділетті энергетикалық жүйеге көшу шеңберінде өңірдің көмірге тәуелділік мәселесін шешуге ұмтылатынын алға тартты», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, энергетикалық жүйеге көшу дәстүрлі генерациядан күрт бас тартуды емес, оны жаңғыртуды көздейді. Қазақстанда 500 жылға жететін көмір қоры бар. Саланы тоқтатудың орнына жоғары технологиялық, экологиялық тұрғыда таза көмір стансаларына инвестиция құю қажет. Мұндай шешімдер Жапония мен Австралия сынды мемлекеттерде сәтті жүзеге асырылды. Көмір стансалары жабылған жағдайда мыңдаған адам жұмыс орнынан айрылады. Мемлекет энергетикалық сын-қатерлерге төтеп бере отырып, экология туралы ғана емес, адамдардың әл-ауқаты туралы да ойлануы керек.

Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаментінің Директоры Жаслан Касенов «жасыл» экономикаға көшу – ел дамуының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл қадам экологиялық тұрақтылық пен экономикалық өсімге қол жеткізуге бағытталған. Оның айтуынша, 2014 жылдан бері ЖЭК нысандарының жалпы қуаты 16 есеге артқан. Бүгінде елімізде жалпы қуаты 3122,12 МВт-ты құрайтын 156 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК арқылы өндірілген электр қуаты 7,581 млрд кВт/сағатты немесе елдегі жалпы өндірістің 6,43%-ын құрады.

Өз кезегінде, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаментінің директоры Сәуле Сәбиева шығарындыларды азайту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстарға назар аударды.

«Парниктік газ шығарындыларына квота сауда жүйесі (ШСЖ) Париж келісімі мен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберіндегі міндеттемелерді орындаудың негізгі тетіктерінің бірі саналады. ШСЖ ұлттық парниктік газдар шығарындыларының шамамен 43%-ын қамтиды және нарықтағы құралдар арқылы кәсіпорындарды жаңғыртуды ынталандыруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Талқылау жұмысына қатысушылар инфрақұрылымды жаңғырту – электр желілерін жаңарту және ЖЭК нысандарымен синхрондау, сондай-ақ инвесторларға жағдай жасау: салықтық ынталандыру, кепілдік келісімдер және бюрократиялық кедергілерді азайту қажет екенін атап өтті. Экологиялық кеңес мүшелері мен бейінді ведомстволардың өкілдері ЖЭК-ті дамытуға және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Іс-шара аясында Экологиялық кеңестің белсенді мүшелері алғыс хатпен марапатталды.

«Сіздер – қоршаған ортаны қорғап жүрген нағыз табиғат жанашырысыздар. Қажырлы қызметтеріңіз арқылы табиғи тепе-теңдікті сақтап келесіздер. Қоғамды Жер-Анаға құрметпен қарауға үндеп жүрсіздер», – деді Кеңес төрағасы Бауржан Смағұлов.

Марапаттар Астана қаласындағы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және өзге де аймақтардағы республикалық, өңірлік экологиялық кеңестердің өкілдеріне табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...