Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған рейтингті жариялады.
Жекелей разряд
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open 2026 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингте бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді. Осылайша ол Мельбурндағы турнирде чемпион атанған ел тарихындағы алғашқы теннисші атанды. Айта кетейік, Елена Рыбакина өз мансабындағы ең үздік нәтижесін қайталады. Ол бұл көрсеткішке бұған дейін 2023 жылы да жеткен.
Юлия Путинцева өз орнын айтарлықтай жақсартып, 24 сатыға көтеріліп, 70-орынға жайғасты.
Зарина Дияс бүгінде 282-орында, бұл оның алдыңғы көрсеткішінен 8 сатыға жоғары.
Жібек Құламбаева 3 орынға төмендеп, 387-орынға түсті.
Әлемдік рейтингтің алғашқы екі сатысын бұрынғыдай беларусиялық Арина Соболенко мен польшалық Ига Швёнтек сақтап қалды.
Жұптық разряд
Анна Данилина 3 сатыға жоғарылап, жұптық рейтингте 11-орынға көтерілді.
Ал алғашқы үштікке чехиялық Катерина Синякова, америкалық Тейлор Таунсенд, сондай-ақ үшінші орынды бөлісіп тұрған италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани енді.