Мәжіліс депутаттары Түркістан облысындағы шаруалармен жүздесті

Түркістан облысы, 3 шілде. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов және Темір Қырықбаев Түркістан облысы Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты.

Депутаттар Қайнарбұлақ ауылдық округінің Таскешу елді мекенінде орналасқан «Gen Group Kazakhstan» ЖШС-ның банан өсірілетін жылыжай кешенімен танысты. 5,3 гектар аумақты алып жатқан кешенде ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып тропикалық өнім жерсіндіріліп, банан өсіру ісі қолға алынды. Мұнда жылына мың тонна өнім өндіріліп, ішкі нарықты қамтамасыз етуде. Кешен директоры Тимур Өтешевтің айтуынша, 2023 жылы жұмысын бастаған жобаның алғашқы кезеңінің құны 1,056 млрд теңгені құрап отыр.

Мәжіліс депутаттары кәсіпкердің бастамасына қолдау білдіріп, елімізге ғана емес, тұтас ТМД кеңістігіне таңсық банан шаруашылығын табысты жүзеге асырып жатқанына ризашылығын жеткізді. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында қазақстандық аграрлық сала мамандарын жаңа технологияларға үйретуге шақырды.

Аграрлық саланы заман талабына сай дамыту мәселесіне назар аударған Мәжіліс депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында берген тапсырмаларына тоқталды. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала ретінде танылып, ол экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс екенін жеткізді.  Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі екенін айта отырып, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселесіне баса мән берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар жұмыс сапары аясында Мәжіліс депутаттары Сарыарық елді мекеніндегі «Көмеш балық» ЖШС-ның балық өсіру жобасымен де танысты. Дәулеталы Абдраманов жетекшілік ететін бұл кәсіпорын шабақ өсіріп, тауарлы балық өндіру ісін жолға қойған. 259 гектар жерде тоғандар салып, аталық-аналық балық түрлерін өсіріп жатқан кәсіпорын жылына 721,6 тонна өнім алып, ішкі нарықты сапалы балықпен қамтып отыр. Жоба құны 750 млн теңгені құрайды және мұнда тұрақты жұмыс орындары ашылған.

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев жастарға қолдау көрсетудің, қабылданған заңдарды халыққа түсіндірудің мәні мен маңызына тоқталды.

  • Бұл кездесулердің мақсаты – «AMANAT» фракциясы бастамашы болған заңдардың пайдасын жұртшылыққа түсіндіру. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Атаулы жылға орай, кәсіпорындардың, шаруашылықтардың жұмысымен танысып, болашағынан үміт күттіретін кәсіби мамандарды партиялық қызметке тартуды мақсат етіп отырмыз. Біз өз ісінің білікті маманы саналатын жастарға қолдау көрсетуіміз қажет. Партия берген уәделердің, сайлауалды бағдарламаның орындалуы да ұдайы назарымызда. Қазір жылыжай шаруашылықтары қарқынды дамуда. Оған дәлел – банан өсіретін жылыжай шаруашылығының жұмысы. Елімізде жаңа Су кодексі қабылданды, балық шаруашылығын дамытуға мүмкіндік беретін құқықтық механизмдер түзілді. Нәтижесінде еліміз бойынша балық шаруашылығы ілгері қадам басып келеді, – деді Қ.Балабиев.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз