ОСК Төрағасының Алматы облысы Райымбек ауданына жұмыс сапары

2025 жылғы 21-22 шілдеде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы облысының Райымбек ауданына жұмыс сапармен барды.

Сапар мақсаты ағымдағы жылғы 3 тамызға жоспарланған аудан әкімі сайлауына дайындық барысын жан-жақты зерделеу, сайлаушылармен тікелей сұхбаттасу, сондай-ақ, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған оқыту және түсіндіру шараларын ұйымдастыруға бағытталды. ОСК делегациясының құрамында Комиссия хатшысы Шавхат Өтемісов, ОСК мүшесі Азамат Айманакумов және ОСК аппаратының өкілдері болды.

Райымбек аудандық АСК жұмысымен танысу

Сапар аясында Ортсайлауком Төрағасы Райымбек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысы, оның материалдық-техникалық жабдықталуы, құжаттамалық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссияларымен және сайлау процесіне қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау жағдайларымен танысты.

Сайлау заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, комиссия мүшелерінің үздіксіз электоралдық біліктілігін арттыру және барлық сайлау учаскелерінде жоғары дайындық деңгейін қамтамасыз ету мәселелерінің маңыздылығы атап өтілді.

Сайлауға дайындық мәселелері бойынша жиын

Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен облыстық және аудандық жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, полиция департаментінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерінің қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі сайлауына дайындық барысы, сайлау өткізудің күнтізбелік жоспарының іске асырылуы, сайлау барысында заңдылықты, қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Жергілікті жердегі мемлекеттік органдар қатаң түрде өз құзыреті шегінде ғана әрекет етуі тиіс. Олардың басты міндеті – азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруына жағдай жасау және сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз ету», –деп атап өтті ОСК Төрағасы.

Райымбек ауданының жас сайлаушыларымен кездесу

Сапар аясындағы маңызды шара — ауданның 100-ден аса жас сайлаушыларының қатысуымен өткен кездесу болды.

Шара ашық диалог форматында өткізіліп, Орталық сайлау комиссиясының қызметі, елдегі сайлау жүйесі және жастардың сайлау процесіне қатысуымен байланысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Жас сайлаушыларға арнаған сөзінде Төраға сайлау жүйесінің негізгі жұмыс істеу тетіктеріне, әр деңгейдегі сайлауды ұйымдастыру ерекшеліктеріне кеңінен тоқталды. Ол Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген конституциялық реформалар аясында жүзеге асырылған сайлау жүйесінің институционалдық трансформациясы туралы айтты. Мажоритарлық жүйенің қайтарылуы, азаматтардың билік органдарын қалыптастыруға, оның ішінде әкімдерді тікелей сайлау жолымен қатысу жолдарының артуына ерекше назар аударылды.

«Қазіргі Қазақстанның сайлау жүйесі ауқымды өзгерістерге ұшырады. Біз партиялық тізімнен мажоритарлық жүйеге өттік, өңірлік өкілдікті арттырдық және  азаматтардың қатысуының қосымша арналарын аштық. Бұл – халық билігін нығайтуға бағытталған нақты қадам», – деді ОСК Төрағасы.

Мұндай ашық кездесулер жастарға сайлау органдарының басшылығына тікелей жүгініп, нақты әрі толық ақпарат алуына, сол арқылы сайлау процесіне қатысушылардың электоралдық мәдениетінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

18 жаса толған жас сайлаушының сайлау учаскесіне келмес бұрын білуге міндетті мәселелері туралы Абу Бақыттың сұрағы ерекше практикалық сипатқа ие болды.

Кездесу соңында жастар онлайн сауалнамаға белсене қатысты. Ол сайлау жүйесін дамытудың негізгі аспектілері бойынша, оның ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлау және референдумды бақылау миссияларының келешекте сайлау рәсімдерін ықтимал жақсартуда азаматтардың пікірін ескеру мақсатындағы ұсынымдарында көтерілген мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерделеуге бағытталған. Сауалнаманың негізгі нәтижелері:

  • 71,1% респондент президенттікке кандидаттарға мемлекеттік қызмет өтілі қажет деп санайды;
  • 33,3% респондент дәстүрлі қағаз бюллетень арқылы дауыс беруді қолдайды;
  • 17,8% респондент сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар дауыс бермеуі тиіс дер санайды;
  • 24,4% респондент сотталған азаматтардың сайлау құқығын шектеуді қолдайды;
  • 33,3% респонлент сайлау туралы ақпаратты әлеуметтік желіден алады.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...