ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖИЫНЫ ЖЕТІСАЙДА ЖАЛҒАСТЫ

Шекара маңындағы аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң жобасын қоғамдық талқылау жиыны бүгін Жетісай ауданында жалғасты. Шеткері аумақтарды дамытудың стратегиялық бағдарын белгілейтін құжаттың жария талқылауы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің қатысуымен өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаты Жарқынбек Қанаев, Жетісай ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Айдос Исмаилов, Жетісай, Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағалары. Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандары әкімдіктерінің жауапты қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, партия белсенділері және аумақтық партия құрылымдарының жетекшілері қатысты.

Ауданда өтіп жатқан жиынның мән-мазмұнына тоқталған Алтынсары Дүйсенбекұлы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты. Аймақтардың дамуындағы алшақтықты жою үшін, нақты стандарттарға сүйене отырып, инфрақұрылым, әлеуметтік қамсыздандыру, экологиялық көрсеткіштер және басқа да маңызды өлшемдер бойынша параметрлер белгіленіп, мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған тың тәсілдер қарастырылып жатқанын жеткізді. Осы жұмыстың маңызды тармағы ретінде шекаралық аудандарды дамытуға қатысты жаңа заң жобасы әзірленгенін атап өтті.

«- Ағымдағы жылдың 13 наурызында, Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шеткері жатқан елді мекендердің ахуалы ел іргесінің бекем болуына тікелей әсер етеді. Бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты бел¬сенді түрде жалғастыру керек. «AMANAT» партиясы шекара маңындағы аудандарды дамы¬туға қатысты жаңа заң қабыл¬дауды ұсынып отыр. Үкімет¬ке депутаттармен бірге бұл бас¬таманы жан-жақты қарас¬тыруды тапсырамын», деп, шекара маңындағы елді мекендерді дамытуға қатысты жаңа заңды, жан-жақты саралауды ұсынды», — деді жиынның мән-маңызын түсіндірген Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Ұлт тағдырына, мемлекет өміріне қатысты барлық өзгерістердің жариялы түрде жүргізілуі – Әділетті Қазақстанның ең басты шарты болып табылады. Тұрғындар мемлекет деңгейінде қабылданып жатқан нормативтік-құқықтық актілерге өз ұсыныстарын білдіруге құқылы. Азамат үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты осылайша көз алдымызда бекем орнығып келеді. Ашық қоғамның белгісі ретінде «Ашық НҚА» порталы іске қосылғаны белгілі. Нағыз демократиялық үрдісті сипаттайтын осы мүмкіндік арқылы кез келген қоғам мүшесі өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мақұлдау сәтіне дейін ұсыныстарын білдіре алады. Қоғам үшін өзекті кез келген мәселеге қатысты азаматтың үні, аудандық мәслихаттан бастап, Үкіметке дейін жетіп, мемлекеттік деңгейде қарастырылуға жағдай жасалған.

Жиын барысында шекара шебіндегі елді мекендердің ахуалы, олардың өзекті мәселелері, тұрғындардың әлеуметтік көрсеткіштері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерінің игерілуі, инженерлік инфрақұрылым мәселелерінің жағдайы, әлеуметтік маңызы бар нысандармен қамтылуы, жол инфрақұрылымының жай-күйі бойынша Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтың, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бижан Анарбековтың, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратуновтың есепті хабарламалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша пікір алмасу барысында трансшекаралық өзендерді пайдалану, қажетті су келуінің көлемін бекіту, ішкі нарықты қорғау, еңбек миграциясын ретке келтіру, шекаралық аумақтардағы жылжымайтын мүлікке түгендеу жұмыстарын жүргізу, оларды заңдастыру, жер асты су қорларын сақтау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырақ құнарлығын қалпына келтіру, тағы да басқа өзекті мәселелер көтеріліп, оларды жаңа заң жобасында қарастыру ұсынылды.

Атап өтуіміз қажет, Түркістан облысындағы 17 аудан, қаланың – 9-ы шекара маңындағы аумақтар санатына жатқызылған. Облыстық партия филиалы жаңа заң жобасын түсіндіру жиындарын Жетісай, Келес, Қазығұрт, Мақтаарал, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандарының атқарушы және өкілді билік органдары өкілдерінің, қоғам белсенділерінің және партия мүшелерінің қатысуымен өткізуде. Аталған аудан тұрғындары тарапынан түскен барлық ұсыныстар партияның Орталық аппаратына жолданып, зерделенетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...