ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл игі шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде қолға алынды.

Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келген «Мөлдір бұлақ» экоакциясының мәні ерекше. Себебі, Ұлыстың ұлы күні – жаңару мен тазалықтың, табиғаттың қайта түлейтін кезеңі. Осыған орай, Наурызнаманың Тазару күні аясында Түркістан облысының шығыс қақпасы саналатын Түлкібас ауданында табиғатты қорғауға бағытталған ауқымды экологиялық іс-шара өтті.

Табиғаты көркем, Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында орналасқан Түлкібас өңірі – мөлдір бұлақтар мен өзендердің мекені. Мұнда жеті өзен бастау алып, жүзге жуық бұлақ көзі халық игілігіне қызмет етуде. Бұл табиғи байлық – өңірдің тыныс-тіршілігінің негізі.

Экологиялық акцияға облыс әкімі Нұралхан Көшеров бастаған өңір басшылығы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер және белсенді жастар қатысып, ортақ іске жұмыла кірісті. Акция барысында «Әулие бастау» бұлағының көзі тазартылып, айналасы абаттандырылды. Сонымен қатар табиғат көркін арттыру мақсатында бұлақ маңына ағаш көшеттері отырғызылды. Облыс әкімі өз сөзінде бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінгі Үндеуінде: «Республика аумағында «Мөлдір бұлақ» бастамасын жаппай жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жоба аясында бұлақтардың көзін ашып, тал егу, жағалаулар мен су айдындарын, аулалар мен саябақтарды тазалау жұмыстары жалғаса береді», дей келе «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына ресми түрде бастау берді. «Мөлдір бұлақ» акциясы – тек бір күндік шара емес, бұл – болашақ ұрпаққа таза табиғат қалдыру жолындағы жүйелі жұмыс. Бүгінде су тапшылығы – барлық өңірге ортақ мәселе. Сондықтан бұлақ көздерін сақтау, оларды тұрақты түрде тазалау және тиімді пайдалану – баршамыздың міндетіміз. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген халқымыздың даналығы осы бастаманың мәнін айқындайды. Бүгінгі акцияға облыс бойынша 1500 адам қатысуда. Жалпы, алдағы уақытта өңірдегі 1500-дей бұлақтың көзін ашамыз, – деді Нұралхан Көшеров.

«Әулие бастау» бұлағы – 1940 жылдан бері халық игілігіне қызмет етіп келе жатқан маңызды су көзі. Бүгінде ол Жыланды және Көкбұлақ өзендері арқылы Арыс өзеніне құйып, бірнеше ауылдың егістік алқаптары мен тұрғын үйлерін сумен қамтамасыз етуде. Атап айтқанда, 45 гектар суармалы жер, 30 гектар егістік және 120-дан астам үй осы бұлақтың игілігін көруде.

Жалпы, Түлкібас ауданында 59 елді мекеннің 49-ы ауыз суды табиғи бұлақ көздерінен тұтынып отыр. Сонымен қатар 111 канал арқылы 13 832 гектар ауыл шаруашылығы жері ағын сумен қамтамасыз етілуде. Бұл – табиғи су көздерінің өңір үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді.

Айта кету керек, бұл күні экологиялық акция облыстың барлық аудандарында бір мезетте ұйымдастырылып, оған 1500-ге жуық адам қатысты. Ал «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңір бойынша 1,3 миллионға жуық тұрғын қатысып, 1 миллионнан астам ағаш көшеттері отырғызылған. Бұл жұмыстар жалғасады.

Алдағы уақытта бұлақ көздерін сақтау мақсатында заманауи тәсілдер енгізіліп, соның ішінде цифрландыру элементтері – QR-кодтар орнату жоспарлануда. Бұл бұлақтар туралы ақпарат алуды жеңілдетіп, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Қорытындылай келе, «Мөлдір бұлақ» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, қоғамның экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, еліміздің әр өңірінде кеңінен жүзеге аса беретіні сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз