АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ҚҰНДЫ ҚАЗЫНАСЫ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, өңірдегі ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы ақарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, адам өміріне араша түсіп, денсаулық сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға шексіз алғысын білдірді. Ол медицина саласы – мемлекет дамуы мен қоғам әл-ауқатының маңызды тірегі екенін атап өтіп, бұл саланың мамандары үнемі ерекше құрмет пен қолдауға лайық екенін айтты. «Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, төзімділіктеріңіз бен жанкешті еңбектеріңіздің арқасында мыңдаған адам сауығып, өмірге үмітпен қарайды. Қиындығы мен жауапкершілігі зор бұл салада табандылықпен еңбек етіп жүрген баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға амандық, әріптестік бірлік пен толағай табыс тілеймін!» – деді ол құттықтау сөзінде.
Полат Мұратұлы партия атынан облыстың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы еселі еңбек етіп жүрген бірқатар медицина қызметкеріне «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің атынан арнайы Алғыс хаттарды табыс етті. Алғыс хатта «Сізге отандық медицинаны дамыту жолындағы қажырлы еңбегіңіз бен сүбелі үлесіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Адам жанына араша түсіп, үміт пен сенім сыйлау – үлкен жауапкершілік пен рух мықтылығын талап ететін ұлы міндет. Сіз осы жолда кәсіби шеберлік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп келесіз. Халықтың алғысына бөленіп, абырой биігінен көріне беруіңізге тілектеспін!», — делінген.
Медицина тек мамандық емес, бұл күн сайын адам өміріне араша түсіп, саулық пен сенім сыйлайтын іс. Түркістан облысында бүгінде 6 мыңға жуық дәрігер мен 20 мыңдай орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Олар күн сайын мыңдаған тұрғынның денсаулығы үшін күресіп, қоғамдағы ең жауапты саланың сенімді тірегі болып отыр.
Айта кетейік, еліміз бойынша партия құрамындағы 70 мыңға жуық мүше – медицина саласының өкілі. Бұл – «AMANAT» партиясының адам капиталына, денсаулық сақтау жүйесіне ерекше назар аударатынын айқын көрсетеді. Түркістан облысындағы көптеген бастауыш партия ұйымдары дәл осы сала қызметкерлерінен құралған және олар қоғамдық бастамаларды ілгерілетуде белсенділік танытып келеді.
Ақ халатты жандардың қоғамдағы рөлі қашан да биік. Сондықтан «AMANAT» партиясы медициналық қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалап, алдағы уақытта да оларды жан-жақты қолдауды жалғастыра бермек.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз