ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САЯХАТТАУШЫ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕРДІҢ САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТҚАН

Түркістан облысында туризм саласын дамыту бойынша 2025-2029 жылдарға арналған қадамдық жоспар бекітіліп, жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі туризм саласын жандардыру бағытындағы жұмыстар сараланып, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар талқыланды.

Облыс әкімі аудан, қала әкімдеріне бекітілген индикаторларды мерзімінде орындау керектігін ескертіп, жауапты сала басшыларына қызмет сапасын арттыру, туристік орындарды абаттандыру, инвестиция тарту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Жиында өңірде туризмді дамыту бағытындағы өзекті мәселелер туралы облыстық туризм Нұрдәулет Медеуовтің баяндамасы тыңдалды. Оның мәлімдеуінше, облыстың туризм саласында динамикалық өсім бар. Ішкі туристер санын жылдың соңына дейін 350 мың адамға жеткізу жоспарланып, осы жылдың І тоқсан қорытындысымен 59,3 мың турист келген. Сонымен қатар шетелдік туристер санын жыл соңына дейін 18 мың адамға жеткізу жоспарланған. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың І тоқсан қорытындысымен 2,0 мың адамды құрап отыр. Алайда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 166,2% артқан. Ал, e-qonaq платформасында облыстағы шетелдік туристердің саны 2025 жылдың 6 айында 23,6 мың адамды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе артқан.

Орналастыру орындарының нөмірлік қорларын арттыру бойынша жыл соңына дейін 9 704 төсек-орынға жеткізу жоспарланып, бүгінде төсек-орындар саны 10 219-ға жетті. Яғни бекітілген индикатор 126,4% артығымен орындалған.

Өңірде туризм саласына инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемін жыл соңына дейін 55,9 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған болса, осы жылдың 6 айының қорытындысымен 33,0 млрд.теңгеге орындалды. Бұл көрсеткіш жоспардың 59%-ын құрап отыр.

Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Төлеби ауданында орналасқан демалыс орындарының саны 118-ден 194-ке жетті. Ал, Сарыағаштағы шипажайлардың саны 63-ке жетті.

Туристік нысандарда қызмет сапасын арттыру мақсатында жыл басынан бері 66 адамға гид-экскурсовод тренинг курстары ұйымдастырылды.

Облыстың туристік әлеуетін арттыру мақсатында басқарма тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда, Халықаралық туризм альянсына мүшелікке ұсыныс беріліп, 2025 жылдың қараша айында Қытай елінің Ханжоу қаласында ресми түрде мүшелікке қабылданады. Қытайдың Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын «Визит Түркістан» ақпараттық орталығы ашылды. Түркия елінің «Аlbayrak Media Group», «Аnadolu», TURSAB ұйымдарымен байланыс орнатылып, Түркияда Түркістан облысының туристік әлеуеті таныстырылуда. Одан бөлек, отандық және шетелдік байланыс жұмыстарының нәтижесінде тұрақты түрде 18 туристік компаниямен серіктестік орнатылып, аталған компаниялар Түркістан облысына наурыз-маусым айларының аралығында 19 650 туристі алып келді.

Туризм саласының даму қарқыны жылдан жылға артып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жанданады.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз