«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» — ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының Түркістан облысында жүзеге асырылуы бойынша жиын өтті. Филиал атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен жиынға бейнебайланыс арқылы 17 қала, аудан әкімі орынбасарлары мен аймақтық филиал жетекшілері қатысты.
Маңызды жиында Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алмас Әбдіқадыров, «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының Түркістан облысы бойынша қаржы сарапшысы Ержан Кангелдиев ұлттық жобаның өңірде жүзеге асырылуы мен соңғы өзгерістер, осы бағыттағы кедергілер туралы баяндама жасады.
Полат Мұратұлы Мемлекет басшысының Жолдауларында қаржылық сауаттылықты арттыру мәселесіне айрықша назар аударылып, «AMANAT» партиясы бастамашылдық жасаған «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту бойынша нақты тапсырмалар бергенін атап өтті. «Бұл жоба тек партиялық деңгейде ғана емес, бүгінгі таңда жалпыұлттық сипатқа ие болды. Оны іске асыруға Үкімет, тиісті министрліктер, әкімдіктер, қаржы ұйымдары мен қоғамдық сектор өкілдері жұмылдырылды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, жоба жоспарын орындауда Түркістан облысы республика көлемінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Бұл сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің, жергілікті жерлердегі үйлесімді жұмыстың нәтижесі екенін ерекше атап өткім келеді», —деді партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев.
Биылғы 17 ақпанда басталған «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы Кентау, Түркістан қалалары мен Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Отырар және Жетісай аудандарында өтіп, 8000-ға жуық азамат оқуға қатысқан. Оның ішінде 2 291 адам кредиттік міндеттемелерінің мерзімі 90 күннен асқан борышкерлер. Аталған азаматтармен арнайы мамандар тарапынан жекелей жұмыстар жүргізіліп жатыр.
1 маусымнан бастап оқыту толықтай онлайн форматқа көшірілгенімен жобаның келесі кезеңі одан да жоғары дайындық пен жауапкершілікті талап етіп отыр. Жиында жобаның алдағы кезеңін сапалы ұйымдастыру, онлайн оқыту форматына көшудің нақты тәртібін талқылау және аудан-қала деңгейіндегі практикалық шешімдерді үйлестіру жайы жан-жақты талқыланды.
Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қайрат Елібаев халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған жоба аясында былтыр 14 424 азамат білімін арттырса, биыл 27300 азаматты қамту жоспарланып отырғанын жеткізді. «AMANAT» партиясы және ҚР Премьер-Министрі бірлесе отырып бекіткен Жол картасында берешекті реттеуден өткен азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша тапсырма берілген. Осы бағытта өткен жылы берешекті реттеуден өткен 180 азаматтың 33-і жұмыспен қамтылса, биыл жыл басынан бері 23 азаматтың 7-уі жұмысқа тартылып отыр»-деп атап өтті ол.
Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының келісімімен осы жылдың басында «Қарызсыз қоғам» Жол картасын іске асыру бойынша берешекті реттеуден өткен азаматтарды жұмысқа орналастыру іс-шара кешенін бекіткен. Басқарма басшысының орынбасары Алмас Әбдіқадыров бекітілген іс-шара аясындағы атқарылған жұмыстар және мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушы азаматтарға талдау жасалып, көрсетіліп жатқан қолдаулар жайын баяндады.
Жиында былтыр тек қаржылық сауаттылық бойынша сабақ өтілсе, биылғы өзгеріс аталған жобаға берешегі 90 күннен асқан азаматтар ғана қатысатыны туралы айтылды. Жыл басынан бері 2000 адамға заңгерлік қызмет көрсетілсе, 3000 азамат қаржылық сауаттылық бойынша жеке консультация алған. Жобаның өңірде жүзеге асуы туралы ақпараттармен бөліскен қаржы сарапшысы Ержан Кангелдиев «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейту алгоритмін түсіндірді. Бекітілген жоспарларды таныстырды.
Басқосу барысында жобаны іске асыру аясында туындаған кедергілер мен түсініксіз мәселелерге қатысты қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді. Алдағы күндері қаржы сарапшысы аумақтық әкімдіктердегі осы салаға жауапты мамандармен бейнебайланыс арқылы кездесіп, кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болды.
Жиын қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы «AMANAT» партиясының тұрақты бақылауында болмақ.
Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...