«Әке көрген – оқ жонар»: «AMANAT» партиясы әкелер форумын ұйымдастырды

Қарағандыда «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалы Әкелер күніне орай «Әке аманаты» тақырыбында алғаш рет облыстық әкелер форумын өткізді. Онда 300-ден астам ер адам – әкелер, педагогтер, әскерилер, спортшылар және қоғам қайраткерлері бас қосып, балаға тәрбие берудің, патриотизмнің, цифрлық қауіпсіздіктің және жасөспірімдерді әлеуметтік қауіп-қатерден қорғаудың негізгі мәселелерін талқылады.

Кездесу ер адамдар арасындағы өзара сенімге негізделген ашық әңгімелесу форматында өтті. Форумға қатысушылар бастан өткен оқиғаларымен, бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жасөспірімдер тап болатын қазіргі сын-қатерлер талқыланды. Балалармен өзара сенімге негізделген қарым-қатынас орнату, интернеттегі кибербуллингтің алдын алу, нашақорлыққа төзбеу және әкенің тәлімгер әрі қорғаушы ретіндегі рөлі тақырыптарына баса назар аударылды.

«Бүгінгі форум жай ғана кездесу емес. Бұл баланың басты қамқоршысы, тәрбиешісі ретінде әкенің беделін арттыруға бағытталған қадам. Отбасы – күшті мемлекеттің негізі. Біз осыған сенімдіміз. Әкелерге қолдау көрсету және жауапты, көшбасшы отағаларын қалыптастыру – біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі», – деді «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков.

Форумда жасөспірімдер қылмысы мен девиантты мінез-құлық мәселелеріне ерекше назар аударылды. ABADAN спорт академиясының президенті, меценат әрі «AMANAT» партиясының мүшесі Нұрлан Қалтаев өз тәжірибесімен бөлісті. Оның академиясында 500-ден астам бала мен жасөспірім, соның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балақайлар спорттың 12 түрін игеруде.

«Біз жастардың бойында есірткіге қарсы тұра білу қасиетін қалыптастыруға тиіспіз. Бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына қатысты мәселе ғана емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі. Спорт, тәртіп және ер адамның тәрбиесі – жасөспірімдер арасындағы тәуелділік пен деструктивті мінез-құлықтың алдын алудың күшті құралы. Біз, ересектер, балалармен барынша жақын болуға және оларды соңымыздан ерте білуге міндеттіміз», – деді Нұрлан Қалтаев.

Қатысушыларға қарағандылық жастардың әкеге білдірген ризашылығы топтастырылған бейнеролик көрсетілді. Шынайылық, сенім және махаббат. Бұл ұғымдар іс-шараның негізгі қозғаушы күшіне айналды.

Сондай-ақ форум аясында психологтар мен педагогтердің қатысуымен ашық талқылау өткізілді. Онда әкелер кәсіби кеңес алып, оларға қиын жағдайдан шығу жолдары айтылды. Кездесу соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Бұған қоса, «AMANAT» партиясының жаңа мүшелеріне партия жұмысына деген сенімінің, ер адамдардың отбасы мен қоғам өміріне белсенді араласуын қолдаудың жарқын үлгісі ретінде партиялық билеттер табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Абылайхан Калназаров: В Шаульдере был возвращён архетип героя, прерванный после эпохи Кажымукана

С 18 по 21 марта при поддержке акимата Туркестанской области успешно завершилась экспедиция «Балуан тас сапары по Туркестанской области», охватившая весь южный регион. Мероприятие...

Департаменттің тексеру нәтижесімен арыз иесінің құқығы қалпына келтірілді

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Жаңабазар көшесі №26-үйдің тұрғыны Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) арызданып, Түркістан қаласы әкімдігінің...

ЖАҢАРУ КҮНІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін халыққа Үндеуін жариялап, «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастап берді. Осыған орай Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде...

Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті

Құрметті отандастар! Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Кеше жалпыхалықтық референдумда Қазақстан азаматтары ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ГҮЛДЕР ПАТШАЙЫМЫ» РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін өтіп жатқан республикалық референдумда Түркістан қаласының тұрғындары ерекше белсенділік танытуда. Түркістан қаласындағы №136 дауыс беру учаскесіне «Гүлдер патшайымы» келіп, дауыс берді. Жалпы Түркістан...

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Сауран ауданындағы №83 референдум учаскесінде «Мерейлі отбасы – 2025 жыл» байқауының жеңімпазы Молдабековтер отбасы өз таңдауларын жасады. Маңызды науқанға отбасының қатысуы жастар мен аудан...

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайының қызметкерлері референдумға атсалысып, өз таңдауларын жасады. Ұшқыштар, борт-серіктер мен әуежай қызметкерлері жұмыла қатысып, бір кісідей бірліктерін көрсетті. Олар...

ЖЕТІСАЙДА ҮШ БИ БАСТАҒАН ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Жетісай ауданында республикалық референдумға тұрғындармен қатар, қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бейнесі сомдалған тарихи кейіпкерлер де қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Жеті жарғы» заңын...

Түркістанда түстен кейін де референдумға қатысу деңгейі жоғары

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың...

РЕФЕРЕНДУМДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 72,39%-Ы ДАУЫС БЕРІП ҮЛГЕРДІ

Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум...
Оқи отырыңыз