Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық станциялар желісі сағат 22:08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде орналасқан.
Министрлік мәліметінше, жер сілкінісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласында 2 балл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Чунджа ауылында 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.