үйден өрт шығып жалғызбасты төрт баласы мен әкесі мерт болды

Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп жалғызбасты әке мен оның балалары мерт болды. Деректерге сүйенсек, бес баланың анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.


Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні таңертең Шал ақын ауданы Ступинка ауылында болған. Семиполка ауылдық округі әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.


«Жұбайы 2018 жылы қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-сынып оқиды», – деп хабарлады ауылдық округ әкімі.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. ТЖД қызметкерлері өртті 01:22-де оқшаулап, тек бүгін 12:30-да ғана толық ауыздықтаған.

«Қызыл жалын 104 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру барысында бес адамның мәйіті табылды, олардың үшеуі бала», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖМ әкесі мен төрт баласының өлімін растады.