9 ғасыр куәсі болған «Ақбикеш» тарихи мұнарасы құлады


9 ғасырдың куәсі болған тарихи мұнара Созақ ауданы Қаратаудың етегіндегі Ақсүмбе ауылында орналасқан. Кей деректерде ол Әмір Темір кезінде қарауыл мұнарасы ретінде пайдаланылған дейді.  2020 жылы Қазқайтажаңарту мекемесі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Ал Жылбек Керімбек есімді ұстаз мұнара жөндеу жұмыстарының дұрыс  жүргізілмегенін айтады.


Қабырғалары, дуалдарынан, төбесінен су жиналатындай орын қалдырған. Енді өзінің тарихи келбетін сақтап қалайын деген шығар. Бірақ, олай болмайды. Жер қалдырғанның өзінде ол жерге су жиналды. Сол жиналған қар мен жаңбырдың суы кеулеп, айналасындағы қабырғаларының бәріне өтіп, тарихи келбетін сақтай алмай қалдық.