Кентауда жол апаты салдарынан 6 адам қаза тапты

Жол қателікті кешірмейді. Жантүршігерлік апат 6 адамның өмірін қиып кетті. Тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қайғылы оқиға Кентау-Түркістан тас жолының 5 шақырымында болған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.