Төлеби ауданындағы Төңкеріс ауылы — Түркістан облысындағы қар ең қалың түсетін ауыл. Мұнда алғашқы ақ ұлпа қараша айынан бастап жауады.
Ал, ауыл тұрғындары табиғаттың қатал мінезіне әбден дағдыланған. Таулы аймақта орналасқан ауыл тұрғындарының қыс мезгіліндегі тыныс-тіршілігі ерекше. Сондай-ақ, Төңкеріс ауылы қыстың күндері туристтердің сүйікті орнына айналады. Ақ ұлпа қарда сырғанақ тепкен қонақтар, бұл орынға жиі келеді