QR-код арқылы тегін дәрі-дәрмекті кезекке тұрмай қалай алуға болады?

Соңғы үш айда Қазақстан тұрғындары «Әлеуметтік әмиян» деп аталатын дәрі-дәрмектерді электронды түрде беру жобасы аясында QR-код арқылы 1,7 млн рецепттің негізінде түрлі препараттар алды. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті кезекке тұрмай өз бетіңізше қалай алуға болатыны туралы ақпарат ұсынды.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша 700-ден астам медициналық ұйым амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасына қатысады. Бұл бастама пациенттердің уақытын үнемдеуге және қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Енді созылмалы аурулары бар адамдар мен дәрі-дәрмекке мұқтаж басқа пациенттерге қағаз рецепт алу үшін дәрігерге кезекке тұрудың қажеті жоқ. Тағайындалған дәрі-дәрмектерді мейіргерлер кезексіз бере алады. Егде жастағы тұрғындар мен «Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалана алмайтын адамдар үшін емханада Face-ID немесе веб-камера арқылы сәйкестендіру жеткілікті. Осыдан кейін тиісті дәрі-дәрмек пациенттің қолына беріледі.

Бұл жүйе QR-код технологиясын пайдаланады және тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасының бір бөлігі болып табылады. Жоба аясында 1,7 млн адам қамтылып, бүкіл республика бойынша іске асырылуда.

QR-код арқылы дәрі-дәрмек алу қадамдары:

  1. Пациент «Әлеуметтік әмиян» мобильді қосымшасына кіріп, барлық рецепттерін көреді.
  2. Дәріханаға барып, QR-кодты көрсетеді.
  3. Мейіргер QR-кодты сканерлейді және дәрі-дәрмекті береді.

Электронды дәрі-дәрмек жүйесінің артықшылықтары:

  • Дәрі-дәрмек алудың толық тарихының сақталуы.
  • Қызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі.
  • Фото немесе видео қосу арқылы пікір қалдыру.
  • Төмен баға берілген жағдайда мемлекеттік органға автоматты түрде шағым жіберу.

Бұл инновациялық шешім пациенттерге ыңғайлы әрі қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.