Қазақстандағы ең танымал тау-шаңғы курорты — Шымбұлақтың иесі кім? Бұл сұрақ көпшілікті қызықтыратыны рас. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде курортты «Shymbulak Development» ЖШС басқарады. Оның құрылтайшылары — «Кэпитал Партнерс Қазақстан» ЖШС мен жеке тұлға Владимир Сарыбеков.
Негізгі үлеске ие компания — «Кэпитал Партнерс Қазақстан». Бұл ұйым Сержан Жұмашқа тиесілі. Ол еліміздегі жылжымайтын мүлік саласында табыс табатын белді кәсіпкерлердің бірі ретінде Forbes Kazakhstan журналының 2024 жылғы рантье рейтингінде жетінші орыннан көрінген. Сарапшылар оның жылдық табысын 8,7 миллиард теңге деп бағалаған.
Таза табыс, тұрақты салық
Сержан Жұмаш иелік ететін компаниялар арасында Шымбұлақ пен Медеу мұз айдыны ерекше орын алады. Бұл мекемелер салықты уақытында және тұрақты түрде төлеп отырған кәсіпорындар қатарына жатады. Бұл – олардың бизнес моделінің ашықтығы мен заң талаптарына сай жұмыс істейтінінің көрінісі.
Шымбұлақтың сапалы қызмет көрсетуі мен инфрақұрылымының дамуы – жеке инвестиция мен дұрыс басқарудың нәтижесі екенін байқауға болады.