Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевтың жаңалығына қатысты пікір білдірді

Балиде демалып жүрген өнер иесі Балжан Бидаш өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің сүйінші жаңалығына қатысты пікірін жазды. Еске салайық, бұл Жахан Отарғалиевтың үшінші некесі.

“Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайық. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс не бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Бәрінің өз уақыты мен орны бар. Мен өмірілік тәжірибеме разымын және оны бар күйінде қабылдаймын. Расында, Жаратқанның жоспары біздің жоспарымыздан әлдеқайда қайырлы болып шықты”, – деп пікірін білдірген.

Орамалдағы қызды желі қолданушылары Балжан Бидаш деп ойлаған. Алайда әнші мұны жоққа шығарды. Сондай-ақ ол іштей үлкен сұхбатқа дайындалып жүргенін жеткізді. 

Фото: Instagram.com/bidash_official & stan.kz